Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мамандық таңдау – басты міндет!
17
ноябрь
2025
Мамандық таңдау – басты міндет!
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша қаламыздағы ең үздік университеттердің бірі, қазіргі таңда нарықта өзіндік орны бар Сүлеймен Демирел университетіне кәсіби бағдар алу мақсатында саяхат-сабағы негізінде КАМПУС ТУР жасады.
Интернет дәуіріндегі білім: пайдасы мен қауіпі
17
ноябрь
2025
Интернет дәуіріндегі білім: пайдасы мен қауіпі
Бүгін,17 қараша күні, лицейімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 3-курс студенттерімен бірге «Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі» тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірсайыс барысында интернеттің білімге ашатын мүмкіндіктері, цифрлық ресурстардың тиімділігі, онлайн кеңістіктегі қауіптер және жауапты цифрлық мәдениет талқыланды. Студенттер мен оқушылар өз ойларын нақты
Буллингтен қорған – «ДОСБОЛLIKE»
17
ноябрь
2025
Буллингтен қорған – «ДОСБОЛLIKE»
Лицейімізде оқушылардың қауіпсіз ортасын қалыптастыруға арналған «ДОСБОЛLIKE» тақырыбындағы тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында балалар буллингтің түрлері мен оның салдары туралы ақпарат алып, оны алдын алу жолдарын талқылады. Оқушылар бір-біріне құрметпен қарау, өзгелердің сезімін ескеру және қиын сәтте достарына қолдау көрсету сияқты маңызды дағдыларды меңгерді. Сабақтың негізгі мақсаттары: -жанжалдан шығудың қауіпсіз жолдарын үйрету; -өз-өзіңді қорғаудың тиімді тәсілдерін көрсету; -сыныпта
ҚАРАША – ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ
17
ноябрь
2025
ҚАРАША – ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ
Дәйексөз: «Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» Лицейімізде осы тақырып аясында сынып сағаттары өтті. Оқушылар жауапкершілік ұғымының адамгершілікпен тығыз байланысты екенін талқылады. Жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай шығармалары мысалға алынып, оның еңбектеріндегі адалдық, еңбекқорлық және жауапкершілік идеялары кеңінен түсіндірілді. Іс-шара оқушылардың жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, дұрыс адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыруына ықпал етті.
Таза Қазақстан – адал азаматтан басталады!
15
ноябрь
2025
Таза Қазақстан – адал азаматтан басталады!
Бүгін, 15 қараша, лицей оқушылары «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және “Таза Қазақстан” жобасы бойынша лицей ауласын, қоқыс алаңдарын тазартып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты.  Әр кішкентай қадам – адалдық пен жауапкершіліктің белгісі. Бірлікпен істелген іс – үлкен нәтиже береді! 
8-сыныптар арасындағы волейбол турнирі – жарқын жеңістер күні!
15
ноябрь
2025
8-сыныптар арасындағы волейбол турнирі – жарқын жеңістер күні!
15 қараша күні Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында лицейімізде 8-сынып оқушылары арасында қызықты волейбол турнирі өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ету, спорттық белсенділігін арттыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Алаңда әр команда соңына дейін белсенділік танытып, шеберлігін көрсетті. Жарыс нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрінді:  I орын – 8 “В” сыныбы  II орын – 8 “Б” сыныбы  III орын – 8 “А” сыныбы  Осындай шаралар
15 қараша – Ұлттық валюта күні
14
ноябрь
2025
15 қараша – Ұлттық валюта күні
Бүгін, 15 қараша – Ұлттық валюта күні аясында лицейде қызықты танымдық шаралар ұйымдастырылды. Оқушыларымыз теңгенің тарихы, оның мәні мен қоғамдағы рөлі туралы маңызды ақпарат алды, пікірталастарға қатысып, өз білімдерін жетілдірді.  Мұндай шаралар жас ұрпақты қаржылық сауаттылыққа, ұлттық құндылықтарды бағалауға баулиды.
«Ұлы саяхатшы ізімен» – жарқын жеңіс!
14
ноябрь
2025
«Ұлы саяхатшы ізімен» – жарқын жеңіс!
Алматы қаласы Білім басқармасы мен ҚБЖТ ҒӘО-ның ұйымдастыруымен өткен Ш.Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған география пәні мұғалімдері арасындағы аудандық «Ұлы саяхатшы ізімен» олимпиадасында лицейіміздің тәжірибелі де талапты ұстазы Машанов Жанатбек Чаймолдаевич өз білімі мен биік дүниетанымын дәлелдеп, І орын иеленді! Бұл жеңіс – ұстазымыздың үздіксіз еңбегінің, кәсібіне деген адалдығының және ғылымға деген шынайы құштарлығының нәтижесі. Енді ол қалалық кезеңде лицейіміздің намысын
Жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу
14
ноябрь
2025
Жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу
Жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті Бүгін, 14 қараша күні, жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу (лудомания, ПАВ, интернетке тәуелділік, темекі шегу, алкоголизм) тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараға келесі мамандар қатысып, оқушыларға маңызды ақпарат ұсынды: №29 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері — Үсенова Гүлфарида Тұрғанбекқызы №29 қалалық емхананың психологы — Құсайынова Әсел Бақытжанқызы Алатау
Oтбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік
13
ноябрь
2025
Oтбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік
Ата-аналар жиналысы: отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік. Бүгін, 13 қараша 2025 жылы, Алматы қаласы Білім басқармасының жоспарына сәйкес 178 мамандандырылған лицейде 5–8-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті. Кездесу барысында «Қоғамдағы мінез-құлық ережелерін құрметтеуде отбасының рөлі» тақырыбы талқыланды. Жиналыстың негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту және мінез-құлық мәдениетін нығайту болды. Сынып жетекшілері мен ата-аналар бала