13
ноябрь
2025
Oтбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік
Ата-аналар жиналысы: отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік.
Бүгін, 13 қараша 2025 жылы, Алматы қаласы Білім басқармасының жоспарына сәйкес 178 мамандандырылған лицейде 5–8-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті.
Кездесу барысында «Қоғамдағы мінез-құлық ережелерін құрметтеуде отбасының рөлі» тақырыбы талқыланды. Жиналыстың негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту және мінез-құлық мәдениетін нығайту болды.
Сынып жетекшілері мен ата-аналар бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің өзара серіктестігіне, ата-ананың жеке үлгісінің бала мінез-құлқына әсеріне ерекше назар аударды.
