«Рәміздер – ұлттың айбыны» танымдық сабағы өтті
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай 9-сынып оқушыларымен АӘТД пәні мұғалімі Құрмансейтов Б. “Рәміздер – ұлттың айбыны” тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, маңызы мен олардың ел тәуелсіздігіндегі орны туралы мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, Ту, Елтаңба және Әнұранның әрбір қазақстандық үшін қастерлі құндылық екені кеңінен түсіндірілді. Танымдық сабақ жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып,