Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей мақтанышы – республикалық байқаудың І орын иегерлері!
14
май
2026
Лицей мақтанышы – республикалық байқаудың І орын иегерлері!
Щучинск қаласында өткен “Менің Қазақстаным: өткені, бүгіні, болашағы” атты ғылыми-тарихи жобалар республикалық байқауында №178 мамандандырылған лицей оқушылары жүлделі I орын иеленді: Сейтжан Ажар мен Кәдірбек Назерке. Сонымен қатар, жеңімпаздарға “Балдәурен” демалыс орнына жолдама табысталды. Оқушыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, ғылым мен білім жолында биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Жетекші ұстаздарға кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегі үшін алғыс білдіреміз.
Сапалы білім – ортақ мақсат
13
май
2026
Сапалы білім – ортақ мақсат
Құрметті ата-аналар! Сіздерді №178 мамандандырылған лицейде өтетін АШЫҚ ЕСІК күніне шақырамыз! Ашық есік күні — білім беру үдерісін жақыннан көруге арналған ерекше мүмкіндік. Іс-шара барысында сіздер оқушылардың жетістіктерімен танысып, мұғалімдермен еркін сұхбат құра аласыздар. Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен сапалы білім берудегі ата-ана, оқушы және лицей арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы талқыланады. Әкімшілік
Патриот ұрпақ – жарқын болашақ!
12
май
2026
Патриот ұрпақ – жарқын болашақ!
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай оқушылар арасында әскери-патриоттық бағыттағы жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух қалыптастыру, әскери тәртіп пен салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс барысында қатысушылар түрлі сайыстар бойынша өзара бақ сынап, белсенділік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Жас мамандар — білімнің жарқын болашағы!
08
май
2026
Жас мамандар — білімнің жарқын болашағы!
Алматы қаласында жас педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған дәстүрлі «Almaty Ustazy» қалалық байқауының ІІ кезеңі №178 мамандандырылған лицей үшін табысты аяқталды! Жас мамандар бұл кезеңде: заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, цифрлық ресурстарды шебер пайдаланып,шығармашылық пен кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Іріктеу нәтижесінде 71 жас педагог ІІ кезеңге қатысып, ашық сабақтар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті. Осы байқауға лицейімізден қатысқан төрт жас
«ALATAU CREATIVE HUB» орталығымен бірлескен олимпиада өтті
08
май
2026
«ALATAU CREATIVE HUB» орталығымен бірлескен олимпиада өтті
Өзара ынтымақтастық келісім негізінде арнайы МЕМОРАНДУМ бойынша лицей әкімшілігі ауданымыздағы басты кітапханалардың бірі "ALATAU CREATIVE HUB" орталығымен бірлесе отырып, лицейдің 6-7 сынып оқушылары арасында математика пәнінен олимпиада өткізді. Олимпиадаға 22 оқушы қатысып, білім бәйгесінде өзара мықтыны анықтап, І,ІІ, ІІІ орындар бойынша оқушылар арнайы марапатталды.  
Спорт пен білім  - жарқын болашақтың кепілі
07
май
2026
Спорт пен білім - жарқын болашақтың кепілі
Мектепішілік  "Спорт пен білім  - жарқын болашақтың кепілі"  тақырыбында 8 сыныптар арасында волейболдан жарыс өтті.
“Шерхан Мұртаза оқулары” байқауынан жүлделі орын
06
май
2026
“Шерхан Мұртаза оқулары” байқауынан жүлделі орын
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы өткізген Республикалық “Шерхан Мұртаза оқулары” қалалық кезеңінде "Шерхан Мұртаза мұрасы” бағыты бойынша Манатқызы Айсара 3-орынға ие болды. Құтты болсын!
Мамандық таңдау – болашаққа бастар қадам
05
май
2026
Мамандық таңдау – болашаққа бастар қадам
Өзара ынтымақтастық келісім негізінде арнайы меморандум аясында қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі–Алматы технологиялар университеті базасында мектеп оқушыларына арналған мамандық таңдау көрмесі ұйымдастырылды. Аталған шараға лицейдің 10-сынып оқушылары қатысып, түрлі мамандықтар туралы ақпараттармен танысты. Көрме барысында оқушылар оқу бағдарламалары, заманауи мамандықтар және болашақтағы кәсіби мүмкіндіктер жөнінде мол мағлұмат алды.
Әділдік пен адалдықтың жеңісі!
05
май
2026
Әділдік пен адалдықтың жеңісі!
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық ғылыми-әдістемелік жаңа технологиялар орталығы ұйымдастырған «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қосқан үлесім» («Мой вклад в борьбу с коррупцией») атты қалалық эссе байқауында лицейіміздің білікті орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жоғары нәтиже көрсетті! І орын — Ноғайбаева Жанат Ескермесовна! Терең ой, айқын азаматтық ұстаным және шығармашылық көзқарас — бұл жеңістің басты кілті! Жанат Ескермесовна, Сіздің кәсібилігіңіз бен еңбегіңіз –
Тағылымды кездесу: діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды
04
май
2026
Тағылымды кездесу: діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды
Біздің лицейде маңызды кездесу өтті. Лицейімізде дінтанушы, ғылыми қызметкер Мейманқожа Нұрмұхаммед Рысбайұлының  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты жанындағы Дінтану орталығының ғылыми қызметкері, дінтану магистрінің  қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға қазіргі қоғамдағы діни ағымдар, олардың ерекшеліктері мен қауіптері туралы