Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістік жаңалығы!
30
апрель
2026
Жетістік жаңалығы!
Қалалық «Мир театра» байқауында №178 мамандандырылған лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жетекшілік жасайтын  "АртДрамаСтудио178" театры ІІ орын иегері атанды! Байқауға ұсынылған сахналандырылған қойылым — орыс классигі А.С. Пушкиннің шығармасынан алынған «Страницы Онегина» қойылымы болды. Оқушыларды дайындаған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Битимбаева Жанар Кадыровна мен Каирбаева Майра Ануархановна үлкен шығармашылық ізденіс пен қажырлы еңбек көрсетті.
Өндірістегі сабақ – тәжірибеге бастар жол
30
апрель
2026
Өндірістегі сабақ – тәжірибеге бастар жол
Кәсіби бағдар беру аясында «САМАЛ СУ» өндіріс орталығында «өндірістегі сабақ» жобасы өткізілді. Аталған шараға лицей оқушылары қатысып, өндіріс үдерісімен тікелей танысып, құнды тәжірибе жинады. Сабақ барысында оқушылар су өндірудің барлық кезеңдерін көрді: суды тазарту, сүзгіден өткізу, құю және қаптау жұмыстары. Мамандар өндірістегі қауіпсіздік ережелері мен заманауи технологиялар туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл оқушылардың өндірістік салаға деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар,
Халықаралық ынтымақтастық - білім сапасын арттырудың жаңа белесі!
29
апрель
2026
Халықаралық ынтымақтастық - білім сапасын арттырудың жаңа белесі!
Мәскеу педагогикалық университетінің бейінді білім беруді дамыту институтының өкілдерінің қатысуымен лицейімізде маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында қонақтар лицейдің оқу-тәрбие үдерісімен, білім алушылардың жетістіктерімен, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Әсіресе, Мәскеу және Алматы қалаларындағы бейіналды және бейінді білім беру жобалары аясындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Лицей ұжымы қонақтарға білім беру саласындағы заманауи бағыттар,
Ашық есік күні – болашаққа қадам
29
апрель
2026
Ашық есік күні – болашаққа қадам
Кәсіби бағдар беру аясында лицейдің 10-сынып оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті-нің механика-математика факультетінде өткен «ашық есік» күніне қатысты. Бұл іс-шара оқушыларға жоғары білім беру жүйесімен танысып, өз қабілеттеріне сай мамандық таңдауға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында факультет оқытушылары мен студенттері оқу бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және болашақтағы мамандықтар туралы толық ақпарат ұсынды. Әсіресе, қолданбалы математика, механика және IT бағыттары
Бастауыш білім – болашақтың берік іргетасы!
28
апрель
2026
Бастауыш білім – болашақтың берік іргетасы!
Бастауыш мектеп – оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен математикалық ойлауын қалыптастыратын маңызды кезең. Осы бағытта педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи әдістемелерді енгізу және білім беру сапасын жетілдіру – бүгінгі күннің басты талабы. 2026 жылғы 27–29 сәуір аралығында Алматы қаласында, №178 мамандандырылған лицей базасында «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты:  Педагогтердің пәндік-әдістемелік
«Педагогикалық университетпен танысу»
28
апрель
2026
«Педагогикалық университетпен танысу»
Кәсіби бағдар беру аясында лицейдің 10-сынып оқушылары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті-інде өткен «ашық есік» күніне қатысты. Бұл шара оқушыларға педагогикалық мамандықтардың ерекшеліктерін танып-білуге және болашақ оқу орнын таңдауға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында университет оқытушылары мен студенттері білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Әсіресе, педагогика, психология және пәндік оқыту бағыттары
Аягүл Миразова атындағы II республикалық олимпиадаға старт берілді
27
апрель
2026
Аягүл Миразова атындағы II республикалық олимпиадаға старт берілді
Біздің №178 мамандандырылған лицейімізде маңызды білім додасы басталды! Бүгін лицейіміздің базасында жас математиктер арасындағы Аягүл Миразова атындағы II республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. Шараның ашылу рәсіміне олимпиаданың негізін қалаушы, Қазақстанның алғашқы Еңбек Ері Аягүл Төреқызы Миразова арнайы қатысып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Олимпиада жайлы қысқаша: -Еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық дарынды оқушы жиналды. -Сайыс 2 турдан тұрады. -Әр кезеңде
Кәсіби бағдар беру мақсатындағы кампус тур
27
апрель
2026
Кәсіби бағдар беру мақсатындағы кампус тур
Кәсіби бағдар беру аясында лицейдің 10-сынып оқушылары «саяхат-сабақ» жобасы бойынша Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті-не кампус тур жасады. Бұл сапар оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік берді. Кампус тур барысында оқушылар университеттің оқу корпустарын, заманауи зертханаларын және IT саласына арналған арнайы аудиторияларын аралап көрді. Университет өкілдері оқу бағдарламалары, грант
Лицей оқушылары «Балафест» байқауында жүлделі орын алды
26
апрель
2026
Лицей оқушылары «Балафест» байқауында жүлделі орын алды
Аудандық «Балафест» байқауы аясында өткен «Кітап – білім бұлағы» байқауының «Театр өнері арқылы – оқуға» номинациясы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 6 «Б» сынып оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жас өнерпаздар өздерінің сахналық шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді. Бұл жетістік – оқушылардың өнерге деген қызығушылығы мен ұстаздарының еңбегінің нәтижесі.
Лицей мақтанышы: шахматтағы жеңісті жетістік
25
апрель
2026
Лицей мақтанышы: шахматтағы жеңісті жетістік
25–26 сәуір күндері Алматы қаласында рапид және блиц шахматынан чемпионат өтті. Аталған жарыста 7 «Б» сынып оқушысы Елібай Әлихан Бегайдарұлы жоғары шеберлік танытып, тамаша нәтиже көрсетті. Ол блиц түрі бойынша І орын иеленіп, қала чемпионы атанды. Сонымен қатар рапид бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен шахматқа деген қызығушылығының, сондай-ақ ұстаздарының жүйелі еңбегінің жемісі.