Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ғылым шыңы» байқауының жеңімпаздары!
06
апрель
2026
«Ғылым шыңы» байқауының жеңімпаздары!
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 10-20 наурыз аралығында өткен «Ғылым шыңы» байқауы өз мәресіне жетті. Лицейіміздің 9 "В" сынып оқушылары қазақ әдебиеті пәнінен қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!  Айдар Айдана Бекболат Мерейім Жапсарбай Аруна Майкен Асия Дакан Нұрсаналы Бейсенбай Амина Тлеумбет Зухра Жетекшісі: Төлендиева Самал Төлендіқызы Оқушыларымызды құттықтаймыз! Шығармашылық ізденіс пен ғылым жолындағы
«Абайтану» олимпиадасының жеңімпаздары!
03
апрель
2026
«Абайтану» олимпиадасының жеңімпаздары!
Аудандық 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен VIII «АБАЙТАНУ» олимпиадасынан 9 сыныптан Орынбаева Азиада ІІ орын, 10 сыныптан Саттұрсын Мерей ІІІ орын, 11 сыныптан Бахытжанқызы Адия  ІІІ орынмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
"MALAYSIA EDUCATION FAIR 2026" мамандықтар көрмесі
02
апрель
2026
"MALAYSIA EDUCATION FAIR 2026" мамандықтар көрмесі
Кәсіби бағдар беру бойынша лицейіміздің 10-сынып оқушылары Малайзия мемлекетінің елшілігі ұйымдастырған "MALAYSIA EDUCATION FAIR 2026" мамандықтар көрмесіне қатысты. 
«Lesson Study: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты аймақтық конференция өтті!
01
апрель
2026
«Lesson Study: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты аймақтық
Іс-шара білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Конференцияға 178 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты. Биология, физика, химия пәндерінің мұғалімдері: Алипова Мира Талгатовна, Ақын Гүлназ және Бақытжан Нұргүл "Биология, химия және физика пәндерін кіріктіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" атты авторлық бағдарлама негізінде воркшоп өткізді. Воркшоп барысында: Пәндер арасындағы байланысты тиімді қолдану; Ғылыми ұғымдарды өмірмен
Болашақ мамандық – жарқын болашақ кепілі
31
март
2026
Болашақ мамандық – жарқын болашақ кепілі
Еуразия техника-экономикалық колледжінің мамандары лицейіміздің 9-сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау: білім нәтижесі сараланды
30
март
2026
Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау: білім нәтижесі сараланды
2026 жылғы 30 наурыз күні 11-сынып білім алушылары үшін Қазақстан тарихы пәні бойынша мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау өткізілді. Емтихан белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі, тарихи деректерді талдау және қорытынды жасау дағдылары жан-жақты бағаланды. Аттестаттау үдерісі әділ әрі ашық түрде өтіп, білім алушылар өз білімдерін жақсы деңгейде көрсете білді.
«Білім және мансап» тақырыбында өткен мамандықтар көрмесі
30
март
2026
«Білім және мансап» тақырыбында өткен мамандықтар көрмесі
2026 жылдың 25 наурызы күні №178 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушылары «Атакент» көрме орталығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан дәстүрлі «Білім және мансап» тақырыбында өткен мамандықтар көрмесіне қатысты. Көрмеде оқушылар мамандыққа байланысты маңызды ақпараттармен танысып қайтты.
Жаңа тоқсанға сәтті қадам!
27
март
2026
Жаңа тоқсанға сәтті қадам!
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы №174 бұйрығына сәйкес, 2025–2026 оқу жылының IV тоқсаны 30 наурызда басталатынын назарларыңызға саламыз. Лицей әкімшілігі
Наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері — жоғары жетістіктер
26
март
2026
Наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері — жоғары жетістіктер
2026 жылғы Наурыз айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесінде Бектұрған Ерасыл – 129 балл, Калибаева Сабина – 127 балл, Бейсенов Ақниет – 121 балл, Нұрзатқызы Шуақ – 120 балл, Серікхан Мөлдір – 120 балл жинады. Бұл көрсеткіштер оқушыларымыздың тыңғылықты дайындығы мен қажырлы еңбегінің жемісті нәтижесін айқын көрсетеді. Барлық білім алушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы мамыр айында өтетін ҰБТ-да сәттілік пен бұдан да жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдіреміз!
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
26
март
2026
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
2026 жылдың 21–25 наурыз аралығында Астана қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша республикалық олимпиадада Алматы қаласының намысын қорғаған лицейіміздің 9-сынып оқушысы Құсайынғазы Абзал жоғары нәтиже көрсетті! Физика пәні бойынша III орын — қола медаль иегері! Абзалдың бұл жетістігі — табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және ұстаздар еңбегінің жемісі. Осындай биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!