Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көрісу – амандықтың, бірліктің белгісі!
16
март
2026
Көрісу – амандықтың, бірліктің белгісі!
Лицейімізде ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін Көрісу – Амал мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Бұл игі шараны 9-сынып оқушылары жоғары деңгейде ұйымдастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар қазақ халқының ежелден келе жатқан көрісу дәстүрінің мән-маңызын сахналық көріністер, ұлттық нақыштағы қойылымдар арқылы әсерлі жеткізе білді. Ізгі тілектер айтылып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілген бұл мереке барша қауымға жылулық пен қуаныш сыйлады. Ұлттық
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен орын алған жеңімпаздар!
13
март
2026
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен орын алған
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен таланты жастарды анықтау және қолдау орталығы Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен орын алған жеңімпаздар! Құтты болсын! І орын - 2 оқушы:  Жұмабек Қажыкелді, Аманжол Ералы ІІ орын - 8 оқушы: Ногайбекова Каусар, Жанатқызы Күнім, Есболат Еңлік, Дүйсенбай Әдия, Олжасұлы Искандер, Серік Асия, Наурызбек Алихан, Амирбай Иманғали ІІІ орын - 5
"Жас сарбаз" патриоттық қозғалысының мектепаралық жас тәрбиеленушілерінің арасында әскери-патриоттық ойындар өтті
12
март
2026
"Жас сарбаз" патриоттық қозғалысының мектепаралық жас
     Алматы облысы Іле ауданында орналасқан 55065 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Жас сарбаз" патриоттық қозғалысының мектепаралық жас тәрбиеленушілерінің арасында өткен әскери-патриоттық ойындарға №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары қатысып, сұрақ-жауап кезеңінде "БІЛІМПАЗ" номинациясын, футболдан "ЧЕМПИОН" номинациясын, арқан тарту жарысында 1-орын иеленгені үшін әскери бөлім командирінің МУА подполковнигі Д.Узбековтың грамотасымен марапатталды. Елінің қорғаны, әрдайым
"Менің Отаным – Қазақстан" атты туристік-экспедициялық жасақтардың слёті
11
март
2026
"Менің Отаным – Қазақстан" атты туристік-экспедициялық жасақтардың
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Менің Отаным – Қазақстан" атты туристік-экспедициялық жасақтардың слётіне қатысып, 3 орын иеленгені үшін №178 мамандандырылған лицейдің 5 "Ә" сынып оқушысы Нүсіпов Мансұр дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, 5 "Ә" сынып оқушысы Жахат Жандос белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
SDU университетімен меморандум аясындағы кәсіптік бағдар беру кездесуі
10
март
2026
SDU университетімен меморандум аясындағы кәсіптік бағдар беру кездесуі
2026 жылғы 11 наурызда SDU университетінің кәсіптік бағдар берушісі Омарбек Көшкінбайұлы лицейдің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдауға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, алдағы ҰБТ-ға дайындыққа мотивация беру және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды. Аталған кездесу лицей мен SDU университеті арасында
ҰБТ нәтижелерін талдау және білім сапасын арттыру жолдары
06
март
2026
ҰБТ нәтижелерін талдау және білім сапасын арттыру жолдары
2026 жылғы 6 наурыз күні 11-сынып пән мұғалімдері қыркүйек–қаңтар айларындағы ҰБТ нәтижелері бойынша есеп берді. Есеп барысында білім алушылардың білім сапасы, пәндер бойынша көрсеткіштері және алдағы кезеңге қойылған міндеттер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша оқу жетістіктерін арттыру бағытында нақты ұсыныстар беріліп, тиісті жұмыстарды жалғастыру міндеттелді.
«Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбындағы ашық есік күні бүгін өз жалғасын тапты
05
март
2026
«Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбындағы ашық есік күні бүгін
2026 жылдың 5 наурыз күндеріне жоспарланған «Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбындағы ашық есік күні бүгін өз жалғасын тапты. Бүгінгі күн лицейдің 7, 8, 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналды. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды балаларының білім деңгейі мен оқу үлгерімімен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерін көрсету және лицейдің жетістіктерін насихаттау болды. Сонымен қатар түрлі бағыттағы үйірмелер мен жобалық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз жетістіктерін
10-сыныптар арасында интеллектуалды БАТЛ өтті!
05
март
2026
10-сыныптар арасында интеллектуалды БАТЛ өтті!
Жаратылыстану кафедрасының Онкүндік іс-шарасы аясында биология, химия пәнінің мұғалімдері: Б.А. Бастерова, М.Т. Алипова, Н.Бақытжанның ұйымдастыруымен 10-сыныптар арасында интеллектуалды БАТЛ өтті! Ғылым алаңында екі алып кездесті: Молекула – химияның жүрегі Жасуша – тіршіліктің негізі Бұл жай ғана сайыс емес, Бұл – Химия мен Биология пәндерінің тоғысқан сәті! Мақсаты: Оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, пәнаралық байланысты нығайту және білімдерін шығармашылық форматта көрсету.
«Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбында ашық есік күні
04
март
2026
«Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбында ашық есік күні
2026 жылғы 4 наурыз күні лицейімізде «Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды балаларының білімі мен үлгерімімен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерін көрсету және лицей жетістіктерін насихаттау болды. Ашық есік күні барысында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, балаларының оқу жетістіктері туралы толық ақпарат алып, алдағы оқу мақсаттары мен міндеттері жөнінде пікір алмасты.
Кәсіби бағдар беру – болашаққа бағыт
04
март
2026
Кәсіби бағдар беру – болашаққа бағыт
Қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі – Қазақ көлік қатынастары университеті мамандары лицейге келіп, кәсіби бағдар беру мақсатында оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар университеттің білім беру бағдарламалары, мамандық түрлері және оқуға түсу талаптары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдау туралы пайдалы ақпарат алды.