Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Төтенше жағдайлар департаментінің 2025-2026 оқу жылына арналған «Қауіпсіз демалыс» жоспарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді
25
февраль
2026
Төтенше жағдайлар департаментінің 2025-2026 оқу жылына арналған
     Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырған лицей  оқушыларына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2025-2026 оқу жылына арналған «Қауіпсіз демалыс» жоспарына сәйкес «Дабыл чемоданы», «Жазғы су айдындарындағы жүріс, тұрыс қағидалары», «Жер сілікінісі кезіндегі 10 қадам» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
9 және 11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау мақсатында өткізілген тестілеу жұмыстары
24
февраль
2026
9 және 11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау мақсатында
2026 жылдың 24–27 ақпан аралығында 9 және 11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау және білім сапасын анықтау мақсатында тестілеу жұмыстары өткізілді. 9-сынып оқушылары қазақ тілі, математика, физика және орыс тілі пәндері бойынша тест тапсырды. 11-сынып оқушылары бес пәннен тестілеуден өтті: қазақ тілі, математика, орыс тілі, Қазақстан тарихы және география. Аталған тестілеу оқушылардың білім деңгейін саралауға және алдағы оқу үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Кәсіби бағдар беру бойынша саяхат-сабағы жобасы өз жалғасын тапты
23
февраль
2026
Кәсіби бағдар беру бойынша саяхат-сабағы жобасы өз жалғасын тапты
Лицейдің 10-сынып оқушылары ғылыми-ақпараттық негіз бойынша қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетіне арнайы саяхат-сабағына барды. Аталған университетке физика-математика және химия-биология бағытын таңдаған оқушылар баруға мүмкіндік алды.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай 5-7 сынып оқушылары суреттер көрмесін ұйымдастырды.
23
февраль
2026
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай 5-7 сынып оқушылары
«Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов жырлағандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарты болып саналады. №178 мамандандырылған лицейде Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Біздің түсінігімізде» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары суреттер салу арқылы қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізді. Мақсаты: табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру; төтенше жағдайларда болуы ықтимал
"Директор кубогы - І" дәстүрлі турнирі өз мәресіне жетті
21
февраль
2026
"Директор кубогы - І" дәстүрлі турнирі өз мәресіне жетті
Лицейдің 7-сынып оқушылары арасында волейболдан "Директор кубогы - І" дәстүрлік турнирі өтті. Жарысқа барлық 7-сыныптардың оқушылары қатысып, өзара спорттық сайысқа түсіп, шын  мықтыны анықтады.  Тартысқа толы бәсекеде чемпион және жүлдегер сыныптар анықтады, үздік ойыншыларға арнайы номинациялар берілді.  Сонымен жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптар:  І орын - 7 "А" сыныбы және 15 000 теңге жүлде иегері  ІІ орын - 7 "Ә" сыныбы ІІІ орын - 7 "В" сыныбына бұйырды.  Сондай-ақ "Ең үздік
Жаңа Конституция жобасы – кемел келешекке бастар маңызды қадам
20
февраль
2026
Жаңа Конституция жобасы – кемел келешекке бастар маңызды қадам
Жаңа Конституция жобасы – елдің кемел келешегіне бағытталған маңызды құжат. Бұл бастама қоғамның барлық саласын қамтып, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашуды көздейді. Аталған жоба лицейде мұғалімдер арасында да кеңінен талқыланды. Басқосуда ұстаздар құжаттың мазмұнына тоқталып, оның маңыздылығы мен өзектілігі жайында ой бөлісті. Педагогтер жаңа өзгерістердің білім беру саласына, жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпалы туралы пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Ақынға құрмет - шәкіртке міндет
20
февраль
2026
Ақынға құрмет - шәкіртке міндет
Лицейіміздің оқушылары қазақ поэзиясының қара нары,  айтыс өнерінің абыз ақсақалы - Ерман Жүрсіннің 75 жылдық мерейтойына арналған "Ұлытаудан - Алатауға" атты тақырыбында өткен шығармашылық кешіне қатысты.  Былтыр, лицейімізге ақынның өзі арнайы келіп дарынды оқушыларымызбен кездесіп,  шығармашыл оқушыларымыздың өнеріне өз бағасын берген болатын.  Биыл енді ақынның мерейтойына өлеңсүйер оқушыларымызды  құрметті қонақ ретінде арнайы шақырды. Төл өнердің абыз ақсақалы -  Жүрсін Молдашұлының
«Tech Art» байқауының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
19
февраль
2026
«Tech Art» байқауының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Алматы қаласы Білім басқармасының Алматы сервис және технологиялар колледжі  ұйымдастырған мектеп оқушылары арасындағы қалалық  «Tech Art байқауында»  № 178 мамандандырылған лицей оқушылары  Python құзіреті бойынша:  II- орын Абылай Бейбарыс,  III- орын Құрмаш Абылайхан  марапатталды.
7-8 сыныптарға арналған пәндік олимпиада қорытындысы
18
февраль
2026
7-8 сыныптарға арналған пәндік олимпиада қорытындысы
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆🎓 ✨ №178 Мамандандырылған лицей ✨ 7–8 сынып оқушылары пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды! 🥇🥈🥉 Бұл - білімге деген құштарлықтың, табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі! Жас зияткерлерімізге алдағы уақытта жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Ынтымақтастық келісім мен нәтижелі МЕМОРАНДУМ
18
февраль
2026
Ынтымақтастық келісім мен нәтижелі МЕМОРАНДУМ
Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы Акмурзаева Қарлығаш Медербекқызының  арнайы тапсырмасы бойынша Алатау ауданының үздік кәсіби бағдар беру мамандары ауданның жас проферионтологтарына алдағы уақытта бірлескен түрде семинар өткізуге және аудан көлеміндегі бірқатар жобаларды өзара бірге өткізуге келісті.