Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Сөзден сурет: ұлттық код және цифрлық әлем" тақырыбында ерекше шығармашылық көрме
11
февраль
2026
"Сөзден сурет: ұлттық код және цифрлық әлем" тақырыбында ерекше
11.02.2026 ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының Онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Б.А.Усентаева, А.А. Ауелбекова, Т.А.Оразалиева, Н.Б. Женсикбаева, Р.С.Сатбаеваның ұйымдастыруымен "Сөзден сурет: ұлттық код және цифрлық әлем" тақырыбында ерекше шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 9-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қазақ әдебиеті сабағында оқылған әңгімелер желісі негізінде өздерінің шығармашылық туындыларын ұсынды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық
"Жырлайды жүрек" тақырыбында поэзия кеші
11
февраль
2026
"Жырлайды жүрек" тақырыбында поэзия кеші
Алатау ауданына қарасты оқушылардың шығармашылық инновациялық орталығында ақиық ақын - Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай "Жырлайды жүрек" тақырыбында поэзия кеші өтті. Аталған шараға 6 "Б" сыныбының оқушылары қатысып қайтты.
Қаңтар айындағы ҰБТ қорытындысы және білім сапасының көрсеткіштері
10
февраль
2026
Қаңтар айындағы ҰБТ қорытындысы және білім сапасының көрсеткіштері
Қаңтар айында өткен ҰБТ қорытындысы бойынша білім алушылардың нәтижелері төмендегідей болды: 120–140 балл аралығында – 5 оқушы. Бұл көрсеткіш жоғары деңгейдегі дайындықты білдіреді. Аталған оқушылар пәндерді терең меңгеріп, тест тапсырмаларын сапалы орындағанын көрсетті. 100–119 балл аралығында – 36 оқушы. Бұл – негізгі үлесті құрайтын жақсы нәтиже. Көпшілік оқушылар білім сапасының жеткілікті деңгейде екенін дәлелдеп, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін балл жинады. Сонымен қатар,
«Мінсіз мұғалім: мән, миссия, мағына» тақырыбында рефлексиялық workshop
10
февраль
2026
«Мінсіз мұғалім: мән, миссия, мағына» тақырыбында рефлексиялық
10.02.2026 күні лицейімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Онкүндік аясында мұғалімдерге арналған «Мінсіз мұғалім: мән, миссия, мағына» тақырыбында рефлексиялық workshop өтті. Workshop барысында қатысушылар Григорий Петровтың «Мінсіз мұғалім» еңбегіндегі негізгі идеяларды талдап, автор ұсынған рухани адамгершілік бейнені саралады. Кездесу барысында: -мұғалім миссиясы; -кәсіби жауапкершілік; -шәкіртке әсер ететін ішкі құндылықтар туралы мазмұнды ойлар айтылды.
Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне құрмет!
09
февраль
2026
Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне құрмет!
Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен, №178 самандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын — Мұқағали Мақатаевтың туған күніне және  ақынның 95 жылдық мерейтойына орай  6-сынып оқушылары арасында "Поэзия, Менімен егіз бе едің?!" тақырыбында лицейішілік байқау өткізілді. Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне Жайлыханов Айдын Рысбекұлы, Издаулетов Есім,  Мейрамбай Еркінгүл, Абайұлы Ғабит,  Тілеужан Әбілқайыр есімді кәсіпкерлер демеушілік танытты.  Байқаудың
Қазақстан Жазушылар одағы №178 мамандандырылған лицей оқушыларын қолдайды
09
февраль
2026
Қазақстан Жазушылар одағы №178 мамандандырылған лицей оқушыларын
9 ақпан күні Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын — Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Сол күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында "Поэзия, Менімен егіз бе едің?!" тақырыбында лицейішілік байқау өтеді. Байқауды Қазақстан Жазушылар одағының Төраға басқармасы — Мереке Құлкенов мырза арнайы қолдап, мадақтамаларға қол қойып, мөр соғып берді. Байқауымызға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Жазушылар одағына №178 мамандандырылған лицей әкімшілігі атынан
Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының мәңгілік мұрасы
09
февраль
2026
Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының мәңгілік мұрасы
Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының мәңгілік мұрасы, ұлттың жүрек үні. Оның әр өлеңі – оқырманмен сырласу, жүректен жүрекке жеткен шындық. Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында ақиық ақынның өлеңдерін оқудан өткен қалалық байқауында ерекше дарындылығымен көзге түскен 5”Ә” сынып оқушысы Нусипов Мансұр 3-орынмен марапатталды. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Аметова Сауле Орынбасарқызы
Репродуктивті денсаулық және отбасылық өмірге дайындау
06
февраль
2026
Репродуктивті денсаулық және отбасылық өмірге дайындау
№29 қалалық емханаға қарасты «Зерделі жас» жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері Мирқан А.К. лицейімізде 9–11 сынып оқушы қыздарымен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында репродуктивті денсаулықты сақтау, жасөспірім кезеңдегі ағза өзгерістері, жеке гигиена, болашақ отбасылық өмірге саналы дайындық мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы әрі маңызды ақпарат алды. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жасөспірімдердің денсаулығына
Бокс - өнер және логика
05
февраль
2026
Бокс - өнер және логика
Олимпиада ойындарында қазақ еліне ең көп нәтиже алып келген спорттың түрі  -  бокс!  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында пән мұғалімдері: Самал Төлендіқызы мен Әбілқайыр Тілеужанның ұйымдастыруымен қазақ тілі пәнінен олимпиада ойындарының бөліміне қарасты "Жиырма жыл күткен жеңіс және бокс" тақырыбында 6 "Б" сыныбының оқушылары "SAQ" спорт залында белгілі бокс бапкері - Дәулет Нұрланұлының шеберлік сағатына қатысып, бокс спорты  туралы көптеген ақпараттарды біліп,
«Алғашқы қадам – алғашқы жетістік!»
04
февраль
2026
«Алғашқы қадам – алғашқы жетістік!»
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне лицей педагогтері қатысты. Физика–информатика пәнінің мұғалімі, жас маман Салмеке Аяжан Ерланқызы жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, тәлімгер Жалмырзаева Гүлнұр Молдабайқызы Алғыс хатпен марапатталды. Бұл жетістіктер – жас мамандардың кәсіби дамуы мен шыңдалу үстіндегі қадамдары. Әріптестерімізді