Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіби бағдар беру
02
март
2026
Кәсіби бағдар беру
     Қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі — "NARXOZ" университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандары мектебімізге арнайы келіп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында университеттің білім беру бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық, студенттік өмір және қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарын таңдауға қатысты пайдалы мәліметтер алды. Осындай мазмұнды кездесулер
Жас зерттеушілердің жарқын жеңісі
27
февраль
2026
Жас зерттеушілердің жарқын жеңісі
Астана қаласында өткен ғылыми жобаларды қорғау жөніндегі республикалық конкурс қорытындысы бойынша 178 мамандандырылған лицей оқушылары жүлделі II орынға ие болды. 8-сынып оқушылары Ногайбекова Каусар мен Жанатқызы Күнім «Қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша II орын алса, 10-сынып оқушылары Наурызбек Алихан мен Амирбай Иманғали «Техника» секциясы бойынша II орынды иеленді . Байқау барысында оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, тақырыптың өзектілігін, зерттеу
«Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбындағы ашық есік күніне шақырамыз!
27
февраль
2026
«Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбындағы ашық есік күніне
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді лицейімізде өтетін «Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбындағы ашық есік күніне шақырамыз. Іс-шара барысында оқушылардың БЖБ /бөлім бойынша жиынтық бағалау/ жұмыстарымен танысып, мұғалімдермен пікір алмасып, оқу жетістіктері жөнінде толық ақпарат ала аласыздар. 📅 2026 жылғы 04 наурыз, сағат 18:30 – 5, 6, 10-11 сыныптар үшін 📅 2026 жылғы 05 наурыз, сағат 18:30 – 7, 8, 9 сыныптар үшін Ашық есік күні аясында: – пән мұғалімдерімен кездесу; – оқу
Шәкірт шыңы  - ұстаздың жемісі
27
февраль
2026
Шәкірт шыңы - ұстаздың жемісі
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы әрқашан лицейіміздің дарынды және талантты оқушыларына қолдау көрсетіп,  өзінің зор ризашылығын білдіріп отырады. Білім және спорт, өнер бағытында жетістіктерге жеткен оқушыларымыз лицей директоры  назарынан тыс қалған емес.  Себебі,  басшылықтың қолдауы,  қамқорлығы оқушыларға үлкен серпіліс беретіні айдан анық.   Сол себепті тұрақты түрде қолдау көрсеткені үшін  лицей оқушылары атынан басшымыз Шадиев Қайратбек Хамзаханұлына өз алғысымызды
«Таза жер – жарқын болашақ» макет жарысы
26
февраль
2026
«Таза жер – жарқын болашақ» макет жарысы
№178 мамандандырылған лицей (Алматы қаласы, Алатау ауданы) 5–6 сынып оқушылары арасында «Таза жер – жарқын болашақ» тақырыбында жаратылыстану пәнінен макет жарысы ұйымдастырылды. Іс-шараны география пәнінің мұғалімі Балкиянова Майгуль Мерекеновна өткізді. Жарыстың мақсаты – оқушылардың табиғатты қорғау бағытындағы шығармашылық идеяларын дамыту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Сайыс барысында қатысушылар өз макеттерін таныстырып,
AI интеграциясы: функционалдық сауаттылықты дамыту
26
февраль
2026
AI интеграциясы: функционалдық сауаттылықты дамыту
№178 мамандандырылған лицей мен  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында ынтымақтастық меморандумы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараның мақсаты – білім сапасын арттыру, кәсіби бағдар беру және мектеп пен ЖОО байланысын нығайту. Конференцияға жаратылыстану бағытындағы 6 оқытушы қатысып, заманауи ғылыми бағыттар, зерттеу әдістері және экологиялық мәселелерді талқылады. 9–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, мамандық таңдау мен ғылыми жобалар бойынша
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты мерейтойлық кеш
26
февраль
2026
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты мерейтойлық кеш
"Alatau Creative Hub" орталығында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.  Шараға лицейіміздің 10-сынып оқушылары саяхат-сабағы жобасы негізінде арнайы қатысты.  Аталған шара лицейіміз бен орталықтың өзара ынтымақтастық келісім МЕМОРАНДУМ нәтижесінде жүзеге асты.
«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты тарихи-танымдық кеш
25
февраль
2026
«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты тарихи-танымдық кеш
Қазақстан тарихындағы тағылымы терең оқиғалардың бірі – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің маңызын жас ұрпақ санасына сіңіру, тәуелсіздіктің құндылығын ұғындыру мақсатында   «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты тарихи-танымдық кеш өткізілді. Іс-шара Alatau Creative Hub кітапханасында ұйымдастырылды. Арнайы ынтымақтастық келісім МЕМОРАНДУМ бойынша аталған шараға лицейіміздің оқушылары саяхат-сабағы жобасы бойынша қатысты. Кештің басты мақсаты – Желтоқсан қаһармандарының ерлігін ұлықтау,
Төтенше жағдайлар департаментінің 2025-2026 оқу жылына арналған «Қауіпсіз демалыс» жоспарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді
25
февраль
2026
Төтенше жағдайлар департаментінің 2025-2026 оқу жылына арналған
     Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырған лицей  оқушыларына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2025-2026 оқу жылына арналған «Қауіпсіз демалыс» жоспарына сәйкес «Дабыл чемоданы», «Жазғы су айдындарындағы жүріс, тұрыс қағидалары», «Жер сілікінісі кезіндегі 10 қадам» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
9 және 11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау мақсатында өткізілген тестілеу жұмыстары
24
февраль
2026
9 және 11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау мақсатында
2026 жылдың 24–27 ақпан аралығында 9 және 11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау және білім сапасын анықтау мақсатында тестілеу жұмыстары өткізілді. 9-сынып оқушылары қазақ тілі, математика, физика және орыс тілі пәндері бойынша тест тапсырды. 11-сынып оқушылары бес пәннен тестілеуден өтті: қазақ тілі, математика, орыс тілі, Қазақстан тарихы және география. Аталған тестілеу оқушылардың білім деңгейін саралауға және алдағы оқу үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді.