Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналармен ақпараттық кездесу: «Бақытты отбасы – бақытты бала»
04
апрель
2025

Ата-аналармен ақпараттық кездесу: «Бақытты отбасы – бақытты бала»

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде ата-аналар қауымына арналған «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты жалпы жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру және өзекті мәселелер бойынша ақпараттық қолдау көрсету.

Жиналыс барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

1.«Бақытты отбасы – бақытты бала» – Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, психолог, PhD Нұрғайша Ахметжанқызы Құдушеваның баяндамасы ата-аналарға отбасы ішіндегі психологиялық ахуалдың бала дамуына әсері туралы мағлұмат берді.

2.«Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік: отбасындағы ата-ананың міндеті» – ДТІЖО Шолпан Әбубәкірқызы Шойынбаева бала тәрбиесіндегі ата-ананың белсенділігі мен бірізділігінің маңыздылығына тоқталды.

3.«ҰБТ ережелері – 2025» – ДОІЖО Гүлнафис Абатовна Дәулетбаева Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы мен тәртіптері жайлы ақпарат беріп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Жиналыс ашық диалог форматында өтіп, ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, маңызды кеңестер алды. Осындай кездесулер мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсат – бала болашағына бірге қадам басуға мүмкіндік береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: