Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-сыныптар арасындағы волейбол турнирі – жарқын жеңістер күні!
15
ноябрь
2025

8-сыныптар арасындағы волейбол турнирі – жарқын жеңістер күні!

15 қараша күні Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында лицейімізде 8-сынып оқушылары арасында қызықты волейбол турнирі өтті.
Шараның мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ету, спорттық белсенділігін арттыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Алаңда әр команда соңына дейін белсенділік танытып, шеберлігін көрсетті. Жарыс нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрінді:
 I орын – 8 “В” сыныбы
 II орын – 8 “Б” сыныбы
 III орын – 8 “А” сыныбы
 Осындай шаралар балаларды жаңа мақсаттарға жетуге жігерлендіріп, денсаулығын жақсартуға және спортқа деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: