27
январь
2026
Ынтымақтастық келісім және келелі кездесу мен дәстүрлі МЕМОРАНДУМ
№178 мамандандырылған лицей - қазіргі таңда тек аудан, қалалық деңгейде ғана емес, республикалық дәрежеде өзінің сыртқы имиджін қалыптастырған, алдыңғы қатарлардан орын алып, жетістіктерге жеткен лицейлердің бірі. Сол үрдіспен ауыл-аймақтағы мектеп басшылары алдағы уақытта лицейіміздің тыныс-тіршілігімен танысып, семинарлар мен конференцияларды және менеджерлік бағыттағы бірнеше жұмыстардың қалай жүргізілетінін, оқу-тәрбие бағытындағы маңызды процестерді біліп, тану мақсатында өзара арнайы келісімге келді.
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қапал орта мектебінің директоры Жамбыл Ойықбайұлы №178 мамандандырылған лицей әкімшілігімен өзара ынтымақтастық келісімге келу жайында арнайы өтініш білдірді. Тәжірибе алмасу, бағыт-бағдар беру т.б. өзекті жұмыстарға қолдау көрсету мақсатында лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы ұсынысты қабылдап, дәстүрлі МЕМОРАНДУМ жасап, ортақ келісімге келді. Бұл меморандумның негізгі мақсаты: ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларды лицей атмосферасымен таныстырып, қабілетін ашу және пән мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін арттыру, сонымен қатар әкімшілік тарапынан ұйымдастырылатын менеджерлік саланы дамыту, оқу-тәрбие үдерісін өзара жандандыру.
Біздің лицейімізді таңдап, арнайы өтініш білдіріп, сенім артқаны үшін Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қапал орта мектебінің әкімшілік құрамына және мектеп басшысы Жамбыл Ойықбайұлына алғысымызды білдіреміз! Біз, өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз!

