14
ноябрь
2025
Жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу
Жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті
Бүгін, 14 қараша күні, жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу (лудомания, ПАВ, интернетке тәуелділік, темекі шегу, алкоголизм) тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға келесі мамандар қатысып, оқушыларға маңызды ақпарат ұсынды:
№29 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері — Үсенова Гүлфарида Тұрғанбекқызы
№29 қалалық емхананың психологы — Құсайынова Әсел Бақытжанқызы
Алатау ауданы ПБ-ның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция подполковнигі — Әбішова Айжан
Алатау ауданы ПБ-ның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес инспекторы, полиция лейтенанты — Сапар Асылжан
Кездесуде тәуелділіктің түрлері, олардың салдары, алдын алу жолдары түсіндіріліп, оқушыларға қауіпсіз әрі салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығы кеңінен айтылды.

