04
февраль
2026
Эссе байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды!
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне арналған 6-сыныптар арасында "Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев" тақырыбында өткен эссе байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, арнайы сыйлықтар мен стипендиялар табыс етілді. Сондай-ақ бұл эссе байқауының ерекшілігі оқушылар сынып намысын жұптық жұмыс ретінде қорғады. Яғни, әр сыныптан екі оқушыдан қатысып, тақырыптарды өзара бөліп, берілген критерийлер бойынша бірге жазды.
Эссе байқауында жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушылар;
Абсолютті ЧЕМПИОН - Қуанышқызы Ерке мен Құдайберген Айниет, 6 "Б" сыныбы және 10 000 теңге стипендия иегерлері
Бас жүлде - Төлеген Хадиша мен Есенкелқызы Айша, 6 "Ә" сыныбы
І орын - Болат Жанерке мен Бекжан Каусар, 6 "Ғ" сыныбы
ІІ орын - Ергөбек Раяна мен Серікхан Айсана, 6 "А" сыныбы
ІІ орын - Қалыбек Мансұр және Шаймұрат Ағажай, 6 "Г" сыныбы
ІІІ орын - Әбдіқайыр Аяла және Исабек Айару, 6 "В" сыныбы
ІІІ орын - Мейрамбай Жанель және Маликова Аяжан, 6 "Д" сыныбы
Ең үздік номинация иегерлері:
"Ең үздік жұптық жұмыс" номинациясы - Қуанышқызы Ерке мен Құдайберген Айниет
"Ең үздік көркем жазу" номинациясы - Ергөбек Раяна мен Төлеген Хадиша
"Ең үздік қабілетті оқушы" номинациясы - Болат Жанерке мен Әбдіқайыр Аяла иеленді.
Эссе байқауын "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" ҚҚ арнайы қолдау көрсетіп, демеушілік танытты. Сонымен қатар оқушыларға медальдар және мадақтамалар мен статуэткалар, арнайы стипендиялар табыс етілді.
Аталған шара Дінмұхамед Қонаев қорымен өзара ынтымақтастық келісім негізінде жүзеге асты. Жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушыларымызды марапаттарымен құттықтаймыз!
