Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
январь
2026

Әскери сала - абыройлы іс!

Лицейімізде Мақан Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясының мамандарының қатысуымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Шараға 10–11-сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында академия өкілдері құқық қорғау саласындағы мамандықтардың маңыздылығы, полиция қызметкерінің жауапкершілігі, сондай-ақ академияға оқуға түсу шарттары мен оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат берді. Оқушылар мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Аталған іс-шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт беріп, құқық қорғау саласына деген қызығушылықтарын арттырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: