Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ тапсыру және мамандық таңдау - маңызды қадам!
26
январь
2026

ҰБТ тапсыру және мамандық таңдау - маңызды қадам!

Лицейіміздің 11 сынып оқушыларымен ҰБТ тапсыру және болашақ кәсіби бағытты анықтауға байланысты психолог тарапынан психологиялық қолдау жұмысы жүргізілді. Қаңтар айында ҰБТ тапсыратын 11-сынып оқушыларымен емтихан алдындағы толқынысты төмендету, ішкі сенімді күшейту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында алғашқы тестілеу күткен нәтижені бермеген жағдайда өзіне сенімділікті жоғалтпау, алда тағы да мүмкіндіктер бар екенін дұрыс қабылдау қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, оқушыларға таңдаған негізгі пәндері мен бағытын өзгертпей, мақсатқа табандылықпен ұмтылудың маңызы жөнінде кеңестер берілді.
Аталған психологиялық қолдау түлектердің ҰБТ-ға дайындығын нығайтып, болашаққа оң көзқарас қалыптастыруға бағытталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: