20
январь
2026
"Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама алынды
"Дұрыс таңдау жаса!" - болашаққа бағытталған сенімді қадам. Болашақ - кездейсоқтық емес, ол бүгін жасалған дұрыс таңдаудан басталады. 9-сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру мақсатында "Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама алынды. Бұл сауалнама оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін анықтауға, өз болашағына саналы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта сауалнама нәтижелері талданып, әр оқушыға мамандық таңдау бойынша түсіндірме, бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізіледі.
Өзіңе сен, мүмкіндіктеріңді таны, болашағыңды бүгіннен бастап таңда! Дұрыс таңдау — жарқын болашақтың бастауы!
