14
ноябрь
2025
«Ұлы саяхатшы ізімен» – жарқын жеңіс!
Алматы қаласы Білім басқармасы мен ҚБЖТ ҒӘО-ның ұйымдастыруымен өткен Ш.Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған география пәні мұғалімдері арасындағы аудандық «Ұлы саяхатшы ізімен» олимпиадасында лицейіміздің тәжірибелі де талапты ұстазы Машанов Жанатбек Чаймолдаевич өз білімі мен биік дүниетанымын дәлелдеп, І орын иеленді! Бұл жеңіс – ұстазымыздың үздіксіз еңбегінің, кәсібіне деген адалдығының және ғылымға деген шынайы құштарлығының нәтижесі. Енді ол қалалық кезеңде лицейіміздің намысын қорғап, жаңа белестерді бағындыруға дайын. Әріптесімізге зор сенім артамыз, жеңіс жолыңыз әрқашан жарқын болсын!
