30
январь
2026
Білімге адалдық – кәсіби жеңістер кепілі
2026 жылғы 30 қаңтарда Қалалық Білім берудегі Жаңа технологиялардың ҒӘО-ның ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізілетін «VIII Педагогикалық оқулар» байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды. Кәсіби байқау педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, озық тәжірибені таратуға және білім беру саласындағы жаңа идеяларды қолдауға бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша:
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нусупалиева Дарига Камысбековна— ІІІ орын иегері атанды.
Математика пәнінің мұғалімі Алшынбаева Айнұр Курбаналиевна мен Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әбішева Әсел Ержанқызы — Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл жетістіктер — мұғалімдеріміздің кәсіби біліктілігінің, үздіксіз ізденісінің және шығармашылық еңбегінің айқын дәлелі. Лицей ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім беру саласында биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреді.

