17
ноябрь
2025
Буллингтен қорған – «ДОСБОЛLIKE»
Лицейімізде оқушылардың қауіпсіз ортасын қалыптастыруға арналған «ДОСБОЛLIKE» тақырыбындағы тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында балалар буллингтің түрлері мен оның салдары туралы ақпарат алып, оны алдын алу жолдарын талқылады. Оқушылар бір-біріне құрметпен қарау, өзгелердің сезімін ескеру және қиын сәтте достарына қолдау көрсету сияқты маңызды дағдыларды меңгерді.
Сабақтың негізгі мақсаттары:
-жанжалдан шығудың қауіпсіз жолдарын үйрету;
-өз-өзіңді қорғаудың тиімді тәсілдерін көрсету;
-сыныпта достық пен сыйластық атмосферасын қалыптастыру.
Балалар бір ауыздан «ДОСБОЛLIKE – буллингке жол жоқ!» деген ұстанымды қабылдап, достық пен мейірімнің әрбір ортада басты құндылық екенін атап өтті.
