Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Күзгі асар» жәрмеңкесіне хабарландыру
07
октябрь
2025
«Күзгі асар» жәрмеңкесіне хабарландыру
5-9 сынып аралығында өтетін «Күзгі асар» жәрмеңкесі – күздің молшылығы мен еңбектің қадірін ұлықтайтын тамаша мүмкіндік. Әр сынып өз қолымен жасаған күзгі макеттерін, қолөнер бұйымдарын және көрмелерін ұсынады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026
06
октябрь
2025
Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026
2025 жылдың 06 қазан күні 11-сынып оқушыларымен «Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жиналысы өткізілді. Жиынға лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары жетекшілік етіп, оқушыларға алдағы ҰБТ-ға дайындық барысы бойынша маңызды мәліметтер берілді. Жиналыс барысында келесі мәселелер кеңінен түсіндірілді: 2026 жылғы ҰБТ өткізу мерзімі, өтініш беру тәртібі мен мерзімі, ҰБТ форматы мен пәндер құрылымы, тестілеу барысында тыйым салынған заттар мен ережелері және
«Пейзаж. Табиғатпен үйлесім» тақырыптарында кіріктірілген сабақ өтті
03
октябрь
2025
«Пейзаж. Табиғатпен үйлесім» тақырыптарында кіріктірілген сабақ өтті
«Таза Қазақстан» жобасы аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қутумов Берік Нәбиұлы 5 «Б» сынып оқушыларына «Пейзаж. Табиғатпен үйлесім» тақырыптарында кіріктірілген сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар табиғаттың әсем көріністерін қылқаламмен бейнелеп, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті арттырды.
Жаңа шыңдар. Жаңа мүмкіндік. Жаңа жоба
01
октябрь
2025
Жаңа шыңдар. Жаңа мүмкіндік. Жаңа жоба
Біз — 178th_climbers — лицейдегі жаңа тау шыңына шығу клубымызды аштық! Бұл тек спорт емес, бұл — еркіндік, рух, команда, табиғат, және өз-өзіңді жеңу жолы. Біз бірге күлеміз, бірге қиналамыз, бірақ ешқашан берілмейміз!!!
"Денсаулық - зор байлық!" атты таңғы жаттығу
30
сентябрь
2025
"Денсаулық - зор байлық!" атты таңғы жаттығу
№178 мамандандырылған лицейде оқушылар мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің қатысуымен таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты нығайту мақсатында өткізілді. Спорт жетекшілері арнайы жаттығу бағдарламасын әзірлеп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды тәртіпке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Мұндай шаралар лицейде алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 
Таза Қазақстан - жас ұрпақтың жаңа бастамасы
27
сентябрь
2025
Таза Қазақстан - жас ұрпақтың жаңа бастамасы
«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында лицейіміздің 10 «Ж» сынып оқушылары: Сабитова Жанель, Манасбай Амина және Аманжол Дарын белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Оқушыларымыз мектеп аумағында қоқысты сұрыптап, қағаз қалдықтарын арнайы жәшіктерге бөліп жинау жұмыстарын жүргізді. Олардың бұл әрекеті – табиғатқа жанашырлықтың, азаматтық жауапкершіліктің және экологиялық мәдениеттің айқын көрінісі.
ҰБТ-ға сенімді қадам
26
сентябрь
2025
ҰБТ-ға сенімді қадам
11-сынып оқушыларымен лицей психологтары тарапынан ҰБТ-ға дайындыққа байланысты мотивациялық тренинг өткізілді. Бұл кездесу барысында оқушылар өз мақсаттарын айқындап, ҰБТ алдындағы қобалжуды жеңу жолдарын үйренді. Алдағы сынақта барша түлектерге сәттілік тілейміз! 
Жер сілкінісі жағдайындағы сейсмологиялық жаттығу өткізілді
24
сентябрь
2025
Жер сілкінісі жағдайындағы сейсмологиялық жаттығу өткізілді
№178 мамандандырылған лицейде жер сілкінісі жағдайындағы іс-әрекеттерді үйретуге арналған сейсмологиялық жаттығу өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты — оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, төтенше жағдайда дұрыс қимыл-қозғалыс жасауға үйрету. Жаттығу барысында дабыл белгісі беріліп, оқушылар сыныптарынан шығып, мұғалімдердің нұсқауымен қауіпсіз аймаққа шықты. Әр сынып жетекшісі өз оқушыларының толық жиналғанын тексеріп, белгі берді.  
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" қалалық байқаудағы жеңіс!
23
сентябрь
2025
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" қалалық байқаудағы жеңіс!
"Алматы дарыны" ұйымдастырған "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" республикалық инновациялық идеялар байқауының қалалық кезеңінде 9 "А" сынып оқушысы Қайрат Нариман І дәрежелі дипломға ие болды. Номинациясы — автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру. Жетекшісі — Жумагулова С.А.Нариманды ерекше жетістігімен құттықтап, одан әрі шығармашылық табыстар тілейміз! 
"Таза қала – жарқын болашақтың кепілі" экологиялық акциясы
22
сентябрь
2025
"Таза қала – жарқын болашақтың кепілі" экологиялық акциясы
"Таза қала – жарқын болашақтың кепілі" атты экологиялық акциясы өтті. Акция барысында оқушылар лицей аумағындағы гүлдер мен ағаштарға қамқорлық көрсетіп, оларды суарып, айналасын тазартып, күтім жасады. Іс-шараға оқушылар мен ұстаздар белсенді қатысып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың маңызын көрсетті. Мұндай игі бастамалар оқушылардың экологиялық сана-сезімін қалыптастырып, жауапкершілікке тәрбиелейді.