Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңа тоқсанға сәтті қадам!
27
март
2026
Жаңа тоқсанға сәтті қадам!
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы №174 бұйрығына сәйкес, 2025–2026 оқу жылының IV тоқсаны 30 наурызда басталатынын назарларыңызға саламыз. Лицей әкімшілігі
Наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері — жоғары жетістіктер
26
март
2026
Наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері — жоғары жетістіктер
2026 жылғы Наурыз айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесінде Бектұрған Ерасыл – 129 балл, Калибаева Сабина – 127 балл, Бейсенов Ақниет – 121 балл, Нұрзатқызы Шуақ – 120 балл, Серікхан Мөлдір – 120 балл жинады. Бұл көрсеткіштер оқушыларымыздың тыңғылықты дайындығы мен қажырлы еңбегінің жемісті нәтижесін айқын көрсетеді. Барлық білім алушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы мамыр айында өтетін ҰБТ-да сәттілік пен бұдан да жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдіреміз!
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
26
март
2026
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
2026 жылдың 21–25 наурыз аралығында Астана қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша республикалық олимпиадада Алматы қаласының намысын қорғаған лицейіміздің 9-сынып оқушысы Құсайынғазы Абзал жоғары нәтиже көрсетті! Физика пәні бойынша III орын — қола медаль иегері! Абзалдың бұл жетістігі — табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және ұстаздар еңбегінің жемісі. Осындай биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен орын алған жеңімпаздар!
13
март
2026
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен орын алған
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен таланты жастарды анықтау және қолдау орталығы Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен орын алған жеңімпаздар! Құтты болсын! І орын - 2 оқушы:  Жұмабек Қажыкелді, Аманжол Ералы ІІ орын - 8 оқушы: Ногайбекова Каусар, Жанатқызы Күнім, Есболат Еңлік, Дүйсенбай Әдия, Олжасұлы Искандер, Серік Асия, Наурызбек Алихан, Амирбай Иманғали ІІІ орын - 5
"Жас сарбаз" патриоттық қозғалысының мектепаралық жас тәрбиеленушілерінің арасында әскери-патриоттық ойындар өтті
12
март
2026
"Жас сарбаз" патриоттық қозғалысының мектепаралық жас
     Алматы облысы Іле ауданында орналасқан 55065 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Жас сарбаз" патриоттық қозғалысының мектепаралық жас тәрбиеленушілерінің арасында өткен әскери-патриоттық ойындарға №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары қатысып, сұрақ-жауап кезеңінде "БІЛІМПАЗ" номинациясын, футболдан "ЧЕМПИОН" номинациясын, арқан тарту жарысында 1-орын иеленгені үшін әскери бөлім командирінің МУА подполковнигі Д.Узбековтың грамотасымен марапатталды. Елінің қорғаны, әрдайым
"Менің Отаным – Қазақстан" атты туристік-экспедициялық жасақтардың слёті
11
март
2026
"Менің Отаным – Қазақстан" атты туристік-экспедициялық жасақтардың
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Менің Отаным – Қазақстан" атты туристік-экспедициялық жасақтардың слётіне қатысып, 3 орын иеленгені үшін №178 мамандандырылған лицейдің 5 "Ә" сынып оқушысы Нүсіпов Мансұр дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, 5 "Ә" сынып оқушысы Жахат Жандос белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
ҰБТ нәтижелерін талдау және білім сапасын арттыру жолдары
06
март
2026
ҰБТ нәтижелерін талдау және білім сапасын арттыру жолдары
2026 жылғы 6 наурыз күні 11-сынып пән мұғалімдері қыркүйек–қаңтар айларындағы ҰБТ нәтижелері бойынша есеп берді. Есеп барысында білім алушылардың білім сапасы, пәндер бойынша көрсеткіштері және алдағы кезеңге қойылған міндеттер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша оқу жетістіктерін арттыру бағытында нақты ұсыныстар беріліп, тиісті жұмыстарды жалғастыру міндеттелді.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы
03
март
2026
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы
Алматы қаласы Білім басқармасы Республикалық "Мәшһүр Жүсіп" оқулары байқауының аудандық кезеңінің "Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Сағынбай Әдемі II- дәрежелі, Нариман Назерке III-дәрежелі, 10-сынып оқушысы Ерсінқызы Аймерей III-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жас зерттеушілердің жарқын жеңісі
27
февраль
2026
Жас зерттеушілердің жарқын жеңісі
Астана қаласында өткен ғылыми жобаларды қорғау жөніндегі республикалық конкурс қорытындысы бойынша 178 мамандандырылған лицей оқушылары жүлделі II орынға ие болды. 8-сынып оқушылары Ногайбекова Каусар мен Жанатқызы Күнім «Қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша II орын алса, 10-сынып оқушылары Наурызбек Алихан мен Амирбай Иманғали «Техника» секциясы бойынша II орынды иеленді . Байқау барысында оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, тақырыптың өзектілігін, зерттеу
9 және 11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау мақсатында өткізілген тестілеу жұмыстары
24
февраль
2026
9 және 11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау мақсатында
2026 жылдың 24–27 ақпан аралығында 9 және 11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау және білім сапасын анықтау мақсатында тестілеу жұмыстары өткізілді. 9-сынып оқушылары қазақ тілі, математика, физика және орыс тілі пәндері бойынша тест тапсырды. 11-сынып оқушылары бес пәннен тестілеуден өтті: қазақ тілі, математика, орыс тілі, Қазақстан тарихы және география. Аталған тестілеу оқушылардың білім деңгейін саралауға және алдағы оқу үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді.