Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейде мамандықтар жәрмеңкесі өтті
16
май
2026
Лицейде мамандықтар жәрмеңкесі өтті
Лицейде кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында жоғары оқу орындары мен колледж мамандарының қатысуымен мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шараға лицейдің 9–10 сынып оқушылары қатысып, болашақ мамандық таңдау бойынша құнды мәліметтер алды. Университет пен колледж өкілдері білім беру бағдарламалары, оқу ерекшеліктері, қабылдау талаптары мен мамандықтардың болашағы туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кәсіби
Лицей мақтанышы – республикалық байқаудың І орын иегерлері!
14
май
2026
Лицей мақтанышы – республикалық байқаудың І орын иегерлері!
Щучинск қаласында өткен “Менің Қазақстаным: өткені, бүгіні, болашағы” атты ғылыми-тарихи жобалар республикалық байқауында №178 мамандандырылған лицей оқушылары жүлделі I орын иеленді: Сейтжан Ажар мен Кәдірбек Назерке. Сонымен қатар, жеңімпаздарға “Балдәурен” демалыс орнына жолдама табысталды. Оқушыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, ғылым мен білім жолында биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Жетекші ұстаздарға кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегі үшін алғыс білдіреміз.
“Шерхан Мұртаза оқулары” байқауынан жүлделі орын
06
май
2026
“Шерхан Мұртаза оқулары” байқауынан жүлделі орын
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы өткізген Республикалық “Шерхан Мұртаза оқулары” қалалық кезеңінде "Шерхан Мұртаза мұрасы” бағыты бойынша Манатқызы Айсара 3-орынға ие болды. Құтты болсын!
Лицей мақтанышы: шахматтағы жеңісті жетістік
25
апрель
2026
Лицей мақтанышы: шахматтағы жеңісті жетістік
25–26 сәуір күндері Алматы қаласында рапид және блиц шахматынан чемпионат өтті. Аталған жарыста 7 «Б» сынып оқушысы Елібай Әлихан Бегайдарұлы жоғары шеберлік танытып, тамаша нәтиже көрсетті. Ол блиц түрі бойынша І орын иеленіп, қала чемпионы атанды. Сонымен қатар рапид бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен шахматқа деген қызығушылығының, сондай-ақ ұстаздарының жүйелі еңбегінің жемісі.
Халықаралық байқаудағы жарқын жеңіс!
25
апрель
2026
Халықаралық байқаудағы жарқын жеңіс!
Сәуірдің  24-25 аралығында “Science Technology Algorithmization Programming”aтты VIII ашық халықаралық байқаудан 8 сынып оқушылары Қанат  Алижан мен Жакия Мадияр  “Термодинамика мен  электр қуаты” секцияларына қатысып 1-орын алды. 9 сынып оқушылары Олжасұлы Искандер мен Серік Асия жүлделі 2 орын, Әбліғазы Даулет жүлделі 3 орын  “Геометрия. Жазықтықтағы стереометрия” секцияларына қатысты!Оқушыларға ізденіс пен  шығармашылық табыс тілейміз!! Байқаудың ұйымдастырушысы-Алматы қаласындағы
Білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау кезеңі
20
апрель
2026
Білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау кезеңі
2026 жылдың 20 сәуірінен бастап 5–11-сыныптар арасында директорлық бақылау жұмыстары математика, жаратылыстану және физика пәндері бойынша емтихан форматында алынуда. Аталған бақылау жұмыстары білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бағалау мақсатында жүргізіледі. Бұл шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, қорытынды бағалауға дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
«Астанадағы халықаралық додада лицей абыройы асқақтады»
17
апрель
2026
«Астанадағы халықаралық додада лицей абыройы асқақтады»
Астана қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХАЛЫҚАРАЛЫҚ конкурсында №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары Жұмабек Қажыкелді мен Аманжол Ералы механика секциясы бойынша 3-орын, ҚОЛА МЕДАЛЬ иегері атанды!
Білім мен еңбектің жемісі: олимпиада жеңімпаздары марапатталды
16
апрель
2026
Білім мен еңбектің жемісі: олимпиада жеңімпаздары марапатталды
9-13 сәуір аралығында Тараз және Шымкент қалаларында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты білімпаздар бақ сынасқан бұл додада біздің лицейіміздің абыройын 11-сынып оқушысы Серікқазы Аяжан мен Талғат Тұнық көтерді. Талғат Тұнық Алматы қаласы бойынша Қазақстан тарихынан 1-орын,  Аяжан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 1-орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Аяжан өзінің терең білімі
Жас дарынның биігі: республикалық олимпиададағы жетістік
15
апрель
2026
Жас дарынның биігі: республикалық олимпиададағы жетістік
9-13 сәуір аралығында Шымкент қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты білімпаздар бақ сынасқан бұл додада біздің лицейіміздің абыройын 11-сынып оқушысы Серікқазы Аяжан асқақтатты. Аяжан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен өзінің терең білімі мен шығармашылық қабілетін көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде, республикалық деңгейдегі озық білімі үшін Қазақстан
Үздік нәтиже – үздік шәкірттер!
09
апрель
2026
Үздік нәтиже – үздік шәкірттер!
Наурыз айындағы ҰБТ қорытындысы да өз мәресіне жетті. Үздік оқушыларымыз топ жарып, өз білім деңгейлерін жоғары дәрежеде дәлелдеді. 120–140 балл аралығында нәтиже көрсеткен шәкірттеріміз ерекше дараланып, марапатталды: 🔹 Сембек Еркебұлан — 137 балл 🔹 Бектұрған Ерасыл — 129 балл 🔹 Ерсайин Айым — 129 балл 🔹 Калибаева Сабина — 127 балл 🔹 Несіпбекұлы Бексұлтан — 128 балл 🔹 Бейсенов Ақниет — 121 балл 🔹 Серікхан Мөлдір — 120 балл 🔹 Нұрзатқызы Шуақ — 120 балл Барлық оқушыларымызды шын жүректен