Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ЭКОША” биология-экология қалалық ғылыми жобалар байқауы
28
ноябрь
2025
“ЭКОША” биология-экология қалалық ғылыми жобалар байқауы
Алматы қаласы бойынша  “ЭКОША” биология-экология конкурсы биыл да жас зерттеушілердің тың идеяларымен, табиғатты аялауға бағытталған жаңа ғылыми көзқарастарымен ерекшеленді. Осы мәртебелі додада өз білімін, зерттеушілік дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білген 178 мамандандырылған лицейдің 6 “Б” сынып оқушылары Байқоныс Арна мен Инаятулла Мариям қала көлемінде I орынға ие болды. Олар байқауға ғылыми бағыттағы «Алматы педосферасының тұрмыстық қалдықтарды пайдалану арқылы қасиеттерін жақсарту»
«Табиғатты аялаудан басталған игі іс»
28
ноябрь
2025
«Табиғатты аялаудан басталған игі іс»
«Таза Қазақстан» акциясы өз жалғасын табуда. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ борышымыз. 10 «Д» сынып оқушылары «Экологиялық десант» ретінде лицей ауласын тазартып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл бастама жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жауапкершілігін арттыра түсті. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен азаматтық ұстанымды нығайтқан осы игі істі жалғастыру эстафетасын 10 «Ғ» сыныбына жолдаймыз.
“Қазақстан Білім Олимпиадасы”
27
ноябрь
2025
“Қазақстан Білім Олимпиадасы”
Мамандырылған білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптар арасында өткен “Қазақстан Білім Олимпиадасында”  Мукаметканов Мансур физика пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды! Мансур жарайсың, биік белестерді бағындыра бер!
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы
27
ноябрь
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Абай өлеңдерін мәнерлеп
Құттықтаймыз!  Алатау ауданы мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өтті. Аталған байқауда Қалыбек Мансұр «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша II орын иеленді. Жетекшісі: Жунисбекова Г.Б.
«SAT English Challenge» ағылшын тілі бойынша қалалық олимпиадасы
27
ноябрь
2025
«SAT English Challenge» ағылшын тілі бойынша қалалық олимпиадасы
 №178 Мамандандырылған лицейде 27 қараша күні 6-11-сынып оқушылары арасында ағылшын тілі бойынша қалалық «SAT English Challenge» олимпиадасының лицейішілік кезеңі жүргізілді.
“Міржақып Дулатұлы – Ұлт рухының жаршысы”
21
ноябрь
2025
“Міржақып Дулатұлы – Ұлт рухының жаршысы”
21 қараша күні 9-сыныптар арасында Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мазмұнды іс-шара өтті. Оқушылар тұлғаның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, көркем оқулар жасап, тарихи көріністер қойып, шығармашылық жобаларын ұсынды. Шара жас ұрпаққа Міржақып мұрасының мәнін терең түсіндіруге, ұлттық рухты оятуға бағытталды.
11-сыныптардың білім деңгейін анықтауға бағытталған сынақ нәтижелері
20
ноябрь
2025
11-сыныптардың білім деңгейін анықтауға бағытталған сынақ нәтижелері
2025 жылдың 14 қарашасында 11-сынып оқушылары қорытынды аттестацияға дайындық мақсатында ҰБТ-леу орталығында сынақ тапсырды. Сынақ жұмыстары жоспарға сәйкес өткізіліп, оқушылардың білім деңгейі мен дайындық деңгейі анықталды. Тест қорытындылары пән мұғалімдерімен талқыланып, нәтижелерге сүйене отырып алдағы дайындық жұмыстары бойынша нақты жоспар айқындалды.
Президенттік олимпиада – 2025
28
октябрь
2025
Президенттік олимпиада – 2025
№178 мамандандырылған лицейден қалалық президенттік олимпиадаға 5 оқушы қатысып, оның 4-еуі жүлделі орындарды иеленді. Жұмабек Қажыкелді, Мукаметканов Мансур, Бақытжанқызы Адия – 2 орын, Ахмет Жасия – 3 орын иеленді.
"Алтын белгіге" үміткерлердің білім сапасын бағалау
23
октябрь
2025
"Алтын белгіге" үміткерлердің білім сапасын бағалау
2025 жылдың 23 қазанында "Алтын белгіге" үміткер оқушылардан қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейін анықтау мақсатында математика пәнінен бақылау жұмыстары алынды. Бақылау жұмысына барлық үміткерлер белсене қатысып, өз білімдерін көрсетуге тырысты. Нәтижелер оқушылардың оқу жетістіктерін саралауға және алдағы емтиханға дайындықтарын жетілдіруге мүмкіндік берді.
“Zulfikar Judo Cup-2025” Республикалық турнирінде жүлделі орын!
11
октябрь
2025
“Zulfikar Judo Cup-2025” Республикалық турнирінде жүлделі орын!
“Zulfikar Judo Cup-2025” Республикалық турнирінде жүлделі орын! 2010/2011, 2012/2013, 2014/2015 жылы туылған жас балуандар арасында өткен “Zulfikar Judo Cup-2025” республикалық ашық турнирінде 38 кг салмақ дәрежесінде 6 “Ғ” сынып оқушысы Даулет Әлихан жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орын иеленді! Жеңісті күндерің көп болсын, Әлихан! Алар асуың, бағындырар белестерің әлі алда! Біз сенің жетістігіңе қуаныштымыз және сәттілік тілейміз!