Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ер жігіт - елінің тірегі" атты ұлдар жиналысы
10
сентябрь
2025
"Ер жігіт - елінің тірегі" атты ұлдар жиналысы
Лицейде «Ер жігіт – елінің тірегі» атты ұлдар жиналысы өтті. Жиын барысында жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуы, жауапкершілік, әдеп пен тәртіп, отбасындағы және қоғамдағы ер азаматтың рөлі туралы мазмұнды әңгімелер өрбіді. Шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, болашаққа нық қадам жасауға жігер берді. 
"Ай тұтылған түн: аспан әлеміндегі ғажайып"
07
сентябрь
2025
"Ай тұтылған түн: аспан әлеміндегі ғажайып"
07.09.2025 ж. күні лицей базасында оқушылар мен ата-аналарға арналған айрықша астрономиялық бақылау шарасы өтті! 50-ден астам оқушы телескоп арқылы Айдың жартылай және толық тұтылу фазаларын тамашалап, ерекше құбылысқа куә болды. Кеш барысында қызықты викторина ұйымдастырылып, қатысушылар астрономия жайлы білімдерін сынап, жаңа мәліметтермен бөлісті. Ғылымға деген қызығушылықты арттырған бұл кеш — оқушыларға шабыт пен есте қалатын әсер сыйлады!
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
05
сентябрь
2025
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі және Ахмет
Лицейімізде осы айтулы күндерге орай "Үш тіл – бірлік тілі" атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, әндер орындап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, түрлі интерактивті ойындарға белсене қатысты.Танымдық сағатта ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан ерен еңбегі мен ағартушылық қызметі жайлы тың ақпараттар ұсынылды. Шараның мақсаты – тілдің адамзат өміріндегі маңызын ұғындыру, үштілділікті
Ата -аналар мен оқушылар назарына!
03
сентябрь
2025
Ата -аналар мен оқушылар назарына!
ШАҚЫРУ! Құрметті лицей ұстаздары, ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылатын қалалық сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз! Мақсатымыз — туған қаламызды тазарту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру. Күні: 6 қыркүйек,2025 жылы Басталу уақыты: 9:00 Өтетін орны: 178 мамандандырылған лицей Келіңіз, бірге таза әрі көрікті Қазақстанды бірге көркейтейік!
"Лицейім – мейірім мекені!" атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті!
01
сентябрь
2025
"Лицейім – мейірім мекені!" атты Білім күніне арналған салтанатты
1 қыркүйек күні №178 мамандандырылған лицейінде дәстүрлі Білім күніне арналған "Лицейім – мейірім мекені!" атты мерекелік жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты шараға 5, 7, 11-сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты.Мерекелік жиында алғашқы қоңырау соғылып, оқушыларға жаңа оқу жылының алғашқы лебіздері жолданды.Оқушылар мен ұстаздардың жылы лебіздері мен әсерлі өнерлері көпшіліктің көңілінен шықты. Жаңа оқу жылы табысты, жемісті болсын! Барша ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз!
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
30
август
2025
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді "Лицейім – мейірім мекені!" атты Білім күніне арналған салтанатты жиынға шақырамыз! Өтетін күні: 2025 жылғы 1 қыркүйек Басталуы: 09:00 Қатысушылар: 5, 7, 11-сынып оқушылары мен ата-аналары Ортақ қуанышты сәттерде жүздесейік!
ҰБТ-2025
29
август
2025
ҰБТ-2025
​https://docs.google.com/presentation/d/1l49Bpj_xC6wsRW0gSBugvhCZqHPRgPn8/edit?usp=drive_link&ouid=105954320689884467967&rtpof=true&sd=true​​​ 2024-2025 оқу жылы  ҰБТ-2025  (мамыр-шілде айларында өткен) қорытындысының нәтижелері туралы толық мәліметтер
Жалпы орта білім беру курсын аяқтаған бітіруші түлектерінің орналасуы туралы
28
август
2025
Жалпы орта білім беру курсын аяқтаған бітіруші түлектерінің орналасуы
2024–2025 оқу жылында лицейді аяқтаған 11-сынып түлектері өздерінің білімдері мен еңбектерінің нәтижесінде еліміздің және шет елдердің беделді жоғары оқу орындарының студенті атанды. Бұл — оқушылардың қажырлы еңбегі мен ұстаздардың кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ ата-аналардың қолдауының нақты көрінісі. Нәтижесінде: •Жалпы түлек саны: 199 оқушы •ЖОО-ға түскендер саны: 199 оқушы-100 % •Грант иегерлері: 150 оқушы- 75,3 % •Шетелдік ЖОО-ға түскендер: 15 оқушы
6 "А" сынып оқушылары Кайрат Фараби, Әділбек Әділет, Бауыржан Адияр "Жазғы кубок 2014"  чемпионатына қатысып, 1- орын иеленді.
31
июль
2025
6 "А" сынып оқушылары Кайрат Фараби, Әділбек Әділет, Бауыржан Адияр
N178 мамандандырылған лицейдің 6 "А" сынып оқушылары Кайрат Фараби, Әділбек Әділет, Бауыржан Адияр "Жазғы кубок 2014" чемпионатына қатысып, 1-орын иеленді.