18
июнь
2026
2025–2026 оқу жылының қорытындысы: 9 «Алтын белгі» және 19 үздік аттестат иегері
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің білім алушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 9 түлек «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері атанып, 19 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды.
Бұл жетістіктер – білім алушылардың табанды еңбегі мен білімге деген жауапкершілігінің, педагогтердің кәсіби шеберлігі мен жүйелі жұмысының, сондай-ақ ата-аналардың қолдауының нәтижесі. Лицей ұжымы түлектердің жетістіктерін мақтан тұтады және олардың алдағы білім жолында да биік белестерді бағындыратынына сенім білдіреді.
