Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ХХІ «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу конкурсының нәтижелері
31
январь
2026
ХХІ «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу конкурсының нәтижелері
2026 жылғы 28–31 қаңтар аралығында Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша ХХІ «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу конкурсы өтті.  Республикалық кезеңде «Физика және космос» секциясы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 7 «В» сынып оқушылары Қанатбек Нұрлыбек пен Орынбай Нұрислам өздерінің авторлық ғылыми жобасын жоғары деңгейде қорғап, ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Слямгалиева Гульнар Набиевна.  Бұл жетістік
Қаңтар ҰБТ-сы басталды: Лицей түлектері алғашқы жоғары нәтижелерін көрсетуде!
30
январь
2026
Қаңтар ҰБТ-сы басталды: Лицей түлектері алғашқы жоғары нәтижелерін
Елімізде талапкерлер үшін маңызды кезең – Қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ресми түрде басталды. Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады. Биылғы жылы біздің лицейден 195 оқушы сынақ тапсыруға өтініш білдірді. Алғашқы күннің өзінде қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Бітіруші түлектеріміздің арасынан Сембек Еркебұлан - 136 балл, Ахмет Жасия - 135 балл, Бектұрған Ерасыл-124 балл,  Аманжол Ералы - 122 балл, Бейсенов Ақниет - 121 балл жинап ерекше нәтиже көрсетті! Бұл – терең білім мен
Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет!
29
январь
2026
Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет!
Лицейімізде Алатау аудандық полиция бөлімі аға жедел уәкіл, полиция майоры Оралов Асқар және жедел уәкіл, аға лейтенант Жақсылықов Нұржанның қатысуымен 9–11 сынып оқушыларына арналған түсіндіру кездесуі өтті. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және әрбір оқушының жеке жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар айтылды. Заңды білу – қауіпсіз болашақтың кепілі! 
Рухани кездесу – жүрекке жол тапқан әңгіме
28
январь
2026
Рухани кездесу – жүрекке жол тапқан әңгіме
Лицейімізде 8-сынып оқушыларымен балалар ақыны, жазушы-журналист, аудармашы Саят Қамшыгермен мазмұнды әрі тағылымы мол кездесу өтті. Кездесу барысында қонағымыз бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың маңызы, отбасы тәрбиесінің құндылығы жөнінде ой қозғап, өмірден алынған әсерлі мысалдарымен бөлісті. Сондай-ақ өзі аударған «Тастамашы ана» кітабының мазмұны мен негізгі идеясы туралы кеңінен әңгімелеп, оқушыларға терең ой салды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың рухани дамуына, адамгершілік
ҰБТ тапсыру және мамандық таңдау - маңызды қадам!
26
январь
2026
ҰБТ тапсыру және мамандық таңдау - маңызды қадам!
Лицейіміздің 11 сынып оқушыларымен ҰБТ тапсыру және болашақ кәсіби бағытты анықтауға байланысты психолог тарапынан психологиялық қолдау жұмысы жүргізілді. Қаңтар айында ҰБТ тапсыратын 11-сынып оқушыларымен емтихан алдындағы толқынысты төмендету, ішкі сенімді күшейту мәселелері талқыланды. Кездесу барысында алғашқы тестілеу күткен нәтижені бермеген жағдайда өзіне сенімділікті жоғалтпау, алда тағы да мүмкіндіктер бар екенін дұрыс қабылдау қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, оқушыларға таңдаған
«Адал азамат» – заң мен тәртіпке негізделген ұрпақ тәрбиесі
22
январь
2026
«Адал азамат» – заң мен тәртіпке негізделген ұрпақ тәрбиесі
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айының «Заң және тәртіп» құндылығын оқушыларға кеңінен ұғындыру мақсатында мектебімізде маңызды кездесу өтті. Кездесуге мектеп инспекторы Жампеийсова Л.К. қатысып, оқушылармен ашық форматта әңгіме жүргізді. Іс-шара барысында заң баптары, оқушының құқықтары мен міндеттері, тәртіп сақтаудың маңызы, сондай-ақ жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңды
Процестік инвестициялық орталыққа экскурсия
22
январь
2026
Процестік инвестициялық орталыққа экскурсия
Физика–информатика кафедрасының онкүндігі аясында жоспарға сәйкес 9-сынып оқушылары физика пәнінің мұғалімі С.А. Жұмағұлованың жетекшілігімен Процестік инвестициялық орталыққа экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар инвестициялау және өндірістік процестердің жұмыс істеу жүйесімен танысып, орталық мамандарынан жобаларды басқару, инвестициялық шешім қабылдау және заманауи технологияларды қолдану туралы мазмұнды ақпарат алды.  Танымдық сапар оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген
Құрметке негізделген орта–қауіпсіз балалық шақ!
21
январь
2026
Құрметке негізделген орта–қауіпсіз балалық шақ!
Досболlike бағдарламасы аясында өткен тәрбие сағатында нақты өмірлік кейстар талданып, буллингтің салдары мен одан шығу жолдары бірге қарастырылды. Оқушылар бір-бірін тыңдап, түсінуді, құрмет пен қолдаудың маңызын сезінді.Буллингке–жол жоқ!
"Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама алынды
20
январь
2026
"Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама алынды
"Дұрыс таңдау жаса!" - болашаққа бағытталған сенімді қадам. Болашақ - кездейсоқтық емес, ол бүгін жасалған дұрыс таңдаудан басталады. 9-сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру мақсатында "Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама алынды. Бұл сауалнама оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін анықтауға, өз болашағына саналы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта сауалнама нәтижелері талданып, әр оқушыға мамандық таңдау бойынша түсіндірме, бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізіледі.
Буллингке жол жоқ!
15
январь
2026
Буллингке жол жоқ!
6-сынып оқушылары арасында буллинг және кибербуллинг тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның себептері мен салдары түсіндіріліп, киберкеңістіктегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері талқыланды. Оқушылар шағын топтық тренингке қатысып, эмпатия, достық қарым-қатынас, жауапкершілік дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар орындады. Сонымен бірге, қиын жағдай туындаған кезде кімге жүгіну керек екені түсіндіріліп, мектептегі сенім ресурстары