24
сентябрь
2025
Жер сілкінісі жағдайындағы сейсмологиялық жаттығу өткізілді
№178 мамандандырылған лицейде жер сілкінісі жағдайындағы іс-әрекеттерді үйретуге арналған сейсмологиялық жаттығу өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты — оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, төтенше жағдайда дұрыс қимыл-қозғалыс жасауға үйрету. Жаттығу барысында дабыл белгісі беріліп, оқушылар сыныптарынан шығып, мұғалімдердің нұсқауымен қауіпсіз аймаққа шықты. Әр сынып жетекшісі өз оқушыларының толық жиналғанын тексеріп, белгі берді.
