07
апрель
2025
Өскелең ұрпақпен бірге – қауіпсіз болашаққа
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен №178 мамандандырылған лицейде 10-11-сынып оқушыларына арналған азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығу сабақтары өтті. Іс-шара 2024-2025 оқу жылына арналған "Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" атты ұран аясында өткізілді. Сабақтың мақсаты – жасөспірімдерге төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікке баулу. Оқушылар теориялық біліммен қатар, практикалық жаттығуларға да қатысып, шұғыл әрекет ету алгоритмдерін пысықтады.

