22
сентябрь
2025
"Таза қала – жарқын болашақтың кепілі" экологиялық акциясы
"Таза қала – жарқын болашақтың кепілі" атты экологиялық акциясы өтті. Акция барысында оқушылар лицей аумағындағы гүлдер мен ағаштарға қамқорлық көрсетіп, оларды суарып, айналасын тазартып, күтім жасады. Іс-шараға оқушылар мен ұстаздар белсенді қатысып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың маңызын көрсетті. Мұндай игі бастамалар оқушылардың экологиялық сана-сезімін қалыптастырып, жауапкершілікке тәрбиелейді.