28
июль
2025
“Таза Қазақстан – ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік”акциясы
“Таза Қазақстан – ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік” акциясы аясында лицейіміздік
6 “Г” сынып оқушылары ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының табиғат туралы жырларына үңіліп, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ерекше тебіреніспен жеткізді. Абайдың табиғатты суреттеген өлеңдері – тек көркемдік шеберлік емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға құрметпен қараудың айқын үлгісі. Балалар “Жаз”, “Күз” секілді өлеңдерді мәнерлеп оқып, әр маусымның сұлулығын сезіне отырып, табиғаттың адам өміріндегі маңызын ұғынды. Іс-шара барысында оқушылар туған өлкенің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны аялау – әр азаматтың борышы екендігін түсініп, экологиялық мәдениеттің маңыздылығы жайлы өз ойларымен бөлісті.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі! Оқушылар бұл бастаманы қолдай отырып, әр адамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігі өзінен басталатынын көрсетті.
Сынып жетекшісі: Есмолдаева Ж.Р.