17
апрель
2023
"Лицей ауласын көгалдандыру: өз ағашыңды отырғыз!" атты экоакция өткізілді.
Қоршаған ортаны қорғау өзекті мәселе. Сондықтан, ағаштар мен түрлі өсімдіктерді отырғызудың, көгалдандыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Осы тұрғыда ағымдағы жылдың 14 сәуір күні лицейде "Лицей ауласын көгалдандыру: өз ағашыңды отырғыз!" атты экоакция өткізілді. Акцияға лицей оқушылары қатысып, өздерінің қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін көрсете отырып, жаппай ағаш отырғызу жұмыстарында белсенділік танытты. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны тазарту жолында көгалдандыру жұмыстарын жандандыру, ағаштар мен өсімдіктерді күтіп, баптауға, тазалыққа баулу, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.