30
сентябрь
2025
"Денсаулық - зор байлық!" атты таңғы жаттығу
№178 мамандандырылған лицейде оқушылар мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің қатысуымен таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты нығайту мақсатында өткізілді. Спорт жетекшілері арнайы жаттығу бағдарламасын әзірлеп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды тәртіпке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Мұндай шаралар лицейде алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 