Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
октябрь
2025

Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026

2025 жылдың 06 қазан күні 11-сынып оқушыларымен «Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жиналысы өткізілді. Жиынға лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары жетекшілік етіп, оқушыларға алдағы ҰБТ-ға дайындық барысы бойынша маңызды мәліметтер берілді.
Жиналыс барысында келесі мәселелер кеңінен түсіндірілді: 2026 жылғы ҰБТ өткізу мерзімі, өтініш беру тәртібі мен мерзімі, ҰБТ форматы мен пәндер құрылымы, тестілеу барысында тыйым салынған заттар мен ережелері және сынама тест тапсыру мүмкіндіктері мен тәртібі.
Кездесу барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, тестілеуге жүйелі түрде дайындалудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, оқушыларға психологиялық дайындық пен уақытты тиімді басқару бойынша да кеңестер ұсынылды.
https://drive.google.com/file/d/1DF3I3Fzy__s207PoeCEePLvZvRMit_44/view?usp=drive_link

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: