Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсынының қалалық кезеңінде лицей оқушылары топ жарды
12
январь
2026
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсынының қалалық
2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңіне №178 мамандандырылған лицейден 13 жұмыс қатысып, оның 12-і жүлделі орындарға ие болды. Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару мақсатында оқушыларымыз жоғары деңгейде қорғай білді. Жеңіс
ЖЕҢІМПАЗДАР - МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
09
январь
2026
ЖЕҢІМПАЗДАР - МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
2026 жыл 6-8 қаңтар күні Алматы қаласында өтілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне "№178 мамандандырылған лицей" КММ-нен 48 оқушы қатысып, 20 оқушымыз жеңіске жетті. Жарайсыңдар, жас дарындар! Пән олимпиадасы – оқушылардың білім-білік дағдыларын, ізденімпаздығы мен ыждаһаттылығын, ғылымға құштарлығын саралайтын үлкен білім додасы. Осындай аламанда өздерінің білімін дәлелдеп, жеңіске жеткен дарабоз шәкірттерімізді, оларға жетекшілік жасаған ұлағатты
Қалалық туристік-өлкетану жарысындағы жеңіс!
06
январь
2026
Қалалық туристік-өлкетану жарысындағы жеңіс!
Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайының «Туристік–өлкетану» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен 5–8 сынып оқушылары арасындағы қалалық туристік жарысқа қатысып, III орын иеленгені үшін 5 «Ә» сынып оқушыларынан құралған команда грамотамен марапатталды.
Жұқа мұз – қауіпті!
31
декабрь
2025
Жұқа мұз – қауіпті!
Қысқы демалыс қарсаңында лицейде оқушылармен қауіпсіздік шаралары бойынша алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті жағдайлардың алдын алу. Мұз үстіндегі ойындардың қауіптілігі, жолда жүру ережелері мен оттан, электрден сақтану туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, ата-аналар чатына жұқа мұздың өмірге қауіп төндіретіні жайлы ақпараттар жолданды.
Ұлттық рухқа толы тағылымды кино-сапар
26
декабрь
2025
Ұлттық рухқа толы тағылымды кино-сапар
Лицейіміздің 5 «Ә» сынып оқушылары «Қазақ әлемі» атты көркем фильмді тамашалап, ұлттық рух пен тарихи танымға толы әсерлі сәттерге куә болды. Кинотуынды оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрінің терең мәнін сезінуге мүмкіндік берді. Фильм барысында балалар ата-бабамыздың рухани мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтардың қадірін терең ұғына түсті. Бұл тағылымды кино-сапар оқушылардың рухани дүниесін байытып, жүректерінде ұмытылмас әсер
Ақыл мен стратегия алаңы: ҰМЛ «Ақбозат» аудандық шахмат жарысы
25
декабрь
2025
Ақыл мен стратегия алаңы: ҰМЛ «Ақбозат» аудандық шахмат жарысы
9-11-сынып оқушылары арасында өткен аудандық шахмат жарысы өз мәресіне жетті. Тартысты додада оқушылар өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: I орын – №166 лицей II орын – №178 мамандандырылған лицей III орын – №151 жалпы білім беретін мектеп III орын – №205 жалпы білім беретін мектеп Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Оқушыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз! 
Жаңа жыл – балалықтың жарқын сәттері
25
декабрь
2025
Жаңа жыл – балалықтың жарқын сәттері
Жаңа жыл мерекесіне орай лицейімізде 5–6-сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі жаңа жылдық мереке өтті. Шаттыққа толы кеште оқушылар ән айтып, би билеп, қызықты ойындарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Аяз ата мен Ақшақардың келуі мерекенің сәнін келтіріп, балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Бұл мереке оқушылардың жүздеріне күлкі сыйлап, жаңа жылға деген сенім мен үмітті арттырды. Жаңа жыл баршамызға мол қуаныш, сәттілік пен жарқын күндер әкелсін! 
«Буллингтен қорған/ДосБолLike» тақырыбында тәрбие сағаты
24
декабрь
2025
«Буллингтен қорған/ДосБолLike» тақырыбында тәрбие сағаты
«Буллингтен қорған / ДосБолLike» тақырыбында тәрбиелік сағат ұйымдастырылды.Сағаттың мақсаты — оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зиянын түсіндіру, құрдастарымен достық қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын көрсету. Тәрбие сағатында оқушылар пікірлерін білдіріп, жағдаяттық тапсырмалар орындады. Дос болу, қолдау көрсету, бір-бірін тыңдау сынды құндылықтар талқыланды. Жылы атмосферада өткен шара оқушылардың бір-біріне деген сенімін арттырды.  
«Әскери өмірдің ерекшеліктері мен қызықтары» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстары
23
декабрь
2025
«Әскери өмірдің ерекшеліктері мен қызықтары» тақырыбындағы түсіндірме
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің оқушысы Сейілбек    Шерзатхан лицейіміздің 7-8 сынып оқушыларына біртұтас тәрбие негізінде «әскери өмірдің ерекшеліктері мен қызықтары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет
22
декабрь
2025
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты
2025 жылғы 22 желтоқсан күні Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 мамандандырылған лицейде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға үйрету, жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын түсіндіру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,