09
январь
2026
ЖЕҢІМПАЗДАР - МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
2026 жыл 6-8 қаңтар күні Алматы қаласында өтілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне "№178 мамандандырылған лицей" КММ-нен 48 оқушы қатысып, 20 оқушымыз жеңіске жетті. Жарайсыңдар, жас дарындар!
Пән олимпиадасы – оқушылардың білім-білік дағдыларын, ізденімпаздығы мен ыждаһаттылығын, ғылымға құштарлығын саралайтын үлкен білім додасы. Осындай аламанда өздерінің білімін дәлелдеп, жеңіске жеткен дарабоз шәкірттерімізді, оларға жетекшілік жасаған ұлағатты ұстаздарымызды және бізге үнемі қолдау білдіріп отыратын құрметті ата-аналар қауымын шәкірттер жеңісімен құттықтаймыз, алғыс білдіреміз!
Жеңіс тұғырлы болсын, жеңісті күндеріміз көп болсын, №178 мамандандырылған лицей!


