26
декабрь
2025
Ұлттық рухқа толы тағылымды кино-сапар
Лицейіміздің 5 «Ә» сынып оқушылары «Қазақ әлемі» атты көркем фильмді тамашалап, ұлттық рух пен тарихи танымға толы әсерлі сәттерге куә болды. Кинотуынды оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрінің терең мәнін сезінуге мүмкіндік берді.
Фильм барысында балалар ата-бабамыздың рухани мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтардың қадірін терең ұғына түсті. Бұл тағылымды кино-сапар оқушылардың рухани дүниесін байытып, жүректерінде ұмытылмас әсер қалдырды. 

