22
декабрь
2025
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет
2025 жылғы 22 желтоқсан күні Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 мамандандырылған лицейде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға үйрету, жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын түсіндіру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқықбұзушылықтың салдары мен заң алдындағы жауапкершілігін нақты мысалдар арқылы көрсету міндеттері қойылды.
Іс-шараға Алатау аудандық Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Л.Т.Жампеисова, сондай-ақ лицей әкімшілігі қатысты. Кездесу барысында оқушылармен жалпы құқықтық бағытта профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заң талаптарын сақтау, тәртіп бұзудың салдары және оның жасөспірімдердің болашағына тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 436, 127, 441, 440, 442, 434-баптары бойынша қатаң түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қылмыстық кодексінің 287, 188, 189, 190, 194, 293-баптары бойынша талдап түсіндірілді.
Профилактикалық әңгіме оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықбұзушылыққа жол бермеуге және қоғамда заңға құрметпен қарау дағдыларын дамытуға бағытталды.
