25
декабрь
2025
Жаңа жыл – балалықтың жарқын сәттері
Жаңа жыл мерекесіне орай лицейімізде 5–6-сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі жаңа жылдық мереке өтті.
Шаттыққа толы кеште оқушылар ән айтып, би билеп, қызықты ойындарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Аяз ата мен Ақшақардың келуі мерекенің сәнін келтіріп, балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Бұл мереке оқушылардың жүздеріне күлкі сыйлап, жаңа жылға деген сенім мен үмітті арттырды. Жаңа жыл баршамызға мол қуаныш, сәттілік пен жарқын күндер әкелсін! 
