Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ai-Guided Career: оқушыдан маманға дейінгі жол"
05
ноябрь
2025
"Ai-Guided Career: оқушыдан маманға дейінгі жол"
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша "Ai-Guided Career: оқушыдан маманға дейінгі жол" тақырыбында семинар өтті.
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында лицейдің медбикелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді
04
ноябрь
2025
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында лицейдің медбикелері
Лицейдің медбикелері «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында 8–11-сынып оқушылары арасында тәрбиелік бағыттағы түсіндірме жұмыстарын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірім қыздар арасында әдептілік, салауатты өмір салты, өзін-өзі күту мәдениеті және ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде түсінік қалыптастыру болды. Кездесу барысында медбикелер қыз баланың қоғамдағы, отбасындағы рөлі туралы айтып, жеке гигиена, психологиялық және физикалық денсаулықты сақтау, өз-өзіне сенімділік пен
«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» құндылығы аясында сынып сағаты
03
ноябрь
2025
«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» құндылығы аясында сынып сағаты
Лицейімізде «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» құндылығы аясында сынып сағаттары өтті. Іс-шара барысында ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай тәрбиелік әңгімелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, «КӨМЕК» жобасы мен құқықтық білім беру сабағы өткізілді. Бұл сабақтар оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке және жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат етті.
Болашақ ғалымдарға жол ашық!
30
октябрь
2025
Болашақ ғалымдарға жол ашық!
Алатау оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында 5–7-сынып оқушылары биология пәні мұғалімі Гүлнар Бейсенбековна мен география пәні мұғалімі Майгүл Мерекеновнаның жетекшілігімен қызықты саяхат жасап қайтты. Оқушылар “Мобиллография”, “Химико-технология” және “Заманауи бағбандық” үйірмелеріне қатысып, жаңа білім мен шабытқа толы әсер алды.  Сонымен қатар, орталықта оқушылардың бір үйірмеге тегін қатысу мүмкіндігі бар екені айтылды. Балаларға орталықтың заманауи құрал-жабдықтары мен
“Абайды оқы, таңырқа” танымдық сабағы
29
октябрь
2025
“Абайды оқы, таңырқа” танымдық сабағы
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауелбекова Айман Айтжановна 9 “Е” сыныбының оқушыларымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейінде “Абайды оқы, таңырқа” атты танымдық сабақ өткізді. Іс-шара барысында оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына терең үңіліп, Абайдың даналық сөздері мен өлеңдерінен тәлім алды. Бұл сабақ жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, рухани
«Дарынды балалармен жұмыстың инновациялық формалары» — тәжірибе мен жаңашылдық тоғысы
29
октябрь
2025
«Дарынды балалармен жұмыстың инновациялық формалары» — тәжірибе мен
Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейінде шетелдік тағылымдама аясында қалалық семинар өтті. Мақсат — дарынды балалармен жұмысты жаңа деңгейге көтеру, халықаралық тәжірибе мен инновацияны біріктіру. І бөлімде лицей директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, “Ы.Алтынсарин” төсбелгісі мен “Құрмет” орденінің иегері Шадиев Қайратбек Хамзаханович, педагог-кәсіби бағдар беруші Тлеужан Әбілқайыр Егізбайұлы, және психолог, шетелдік тағылымдамашы Агажанова Жанна Алтынбековна өз
Педагогикалық кеңес №3: Инновациялық оқыту әдістері
28
октябрь
2025
Педагогикалық кеңес №3: Инновациялық оқыту әдістері
2025 жылдың 28 қазанында «Инновациялық әдістер: STEM, зертханалық жұмыс, жобалық оқыту» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық өзара әрекет пен тәрбие жұмысында тиімді қарым-қатынас пен оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ету үшін заманауи оқыту технологияларын енгізу және қолдану мақсатында өткізілген кеңес барысында қатысушыларға STEM, зертханалық және жобалық оқыту әдістерінің тиімділігі мен практикалық қолдану жолдары таныстырылды, педагогтердің кәсіби дамуы мен инновациялық
Президенттік олимпиада – 2025
28
октябрь
2025
Президенттік олимпиада – 2025
№178 мамандандырылған лицейден қалалық президенттік олимпиадаға 5 оқушы қатысып, оның 4-еуі жүлделі орындарды иеленді. Жұмабек Қажыкелді, Мукаметканов Мансур, Бақытжанқызы Адия – 2 орын, Ахмет Жасия – 3 орын иеленді.
«Үздік педагог – 2025» байқауы
24
октябрь
2025
«Үздік педагог – 2025» байқауы
Бүгін біздің лицейдің мақтанышы, математика пәнінің ұлағатты ұстазы Бектасова Алмагүл Ибраимқызы республикалық «Үздік педагог – 2025» байқауының жеңімпазы атанды!  Жеңімпаздарға марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Республика күні қарсаңында салтанатты түрде табыстады. Біздің ұстазымыздың осы үлкен жетістігі – лицей ұжымының, шәкірттер мен әріптестердің ортақ қуанышы!
Ұстаз еңбегіне – жоғары құрмет!
24
октябрь
2025
Ұстаз еңбегіне – жоғары құрмет!
Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен, Алматы қаласы әкімінің қолдауымен №178 мамандандырылған лицейдің физика пәні мұғалімі, «Ы. Алтынсарин» және «Үздік педагог – 2021» төсбелгілерінің иегері Слямгалиева Гүлнәр Нәбиқызы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды!  Бұл марапат – ұстазымыздың көпжылдық еңбегі мен білім беру ісіне қосқан зор үлесінің, шәкірт тәрбиесіндегі табандылығы мен кәсіби шеберлігінің лайықты бағалануы.