Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ЭКОША” биология-экология қалалық ғылыми жобалар байқауы
28
ноябрь
2025

“ЭКОША” биология-экология қалалық ғылыми жобалар байқауы

Алматы қаласы бойынша  “ЭКОША” биология-экология конкурсы биыл да жас зерттеушілердің тың идеяларымен, табиғатты аялауға бағытталған жаңа ғылыми көзқарастарымен ерекшеленді.
Осы мәртебелі додада өз білімін, зерттеушілік дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білген 178 мамандандырылған лицейдің 6 “Б” сынып оқушылары Байқоныс Арна мен Инаятулла Мариям қала көлемінде I орынға ие болды. Олар байқауға ғылыми бағыттағы «Алматы педосферасының тұрмыстық қалдықтарды пайдалану арқылы қасиеттерін жақсарту» тақырыбындағы жобамен  қатысып, сарапшылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Оқушылардың жұмысы экологиялық мәдениетті көтеруге, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және қазіргі заман экологиясының өзекті мәселелеріне ғылыми тұрғыдан қарауға бағытталған.
Жетекшісі, Алипова Мира Талгатовнаның кәсіби қолдауы, оқушылардың ізденісі мен табандылығы — осындай айқын нәтижеге жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: