27
ноябрь
2025
"Абай әлемі" - қазақ әдебиетінің асыл діңгегі
27 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде рухани мазмұны терең, тағылымы мол «Абай күні» атты саяхат- сабағы өткізілді. Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының мектептермен байланысты нығайтуға бағытталған бұл шара – білім мен парасаттың тоғысқан мерекесі десе болады. Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында өткен мазмұнды іс-шараға Алматы қаласы, Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тілеужан Әбілқайыр Егізбайұлы және лицей оқушылары қатысты.
Еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны – қасиетті қарашаңырақ ҚазҰПУ-дың тарихы, оның қабырғасында қызмет еткен ұлт руханиятының қайраткерлері туралы тағылымды мәліметтер берілді. «Абай» музей-кабинетінде оқушыларға хакім Абайдың өмір жолы, кемеңгерлік ойлары мен шығармашылық мұрасы жөнінде танымдық дәріс өткізіліп, оқушылардың көкейіндегі сауалдарына жауаптар берілді.
Саяхат-сабағы соңында қатысушылар тарихи шаңырақта түскен естелік фотосуреттермен әсерлі сәттерді бекемдей түсті. Мұндай тағылымды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.
