Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-әженің ақыл-кеңесі — жас ұрпаққа бағдар
05
декабрь
2025
Ата-әженің ақыл-кеңесі — жас ұрпаққа бағдар
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Даналық мектебі” жобасы бойынша 9-сынып оқушылары арасында тағылымды тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылар мен үлкендер арасындағы рухани байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-әжелерден қалған даналық сөздер мен өмірлік тәжірибені жас ұрпақтың бойына сіңіру. Тәрбие сағаты барысында оқушылар ата-әжелердің ақыл-кеңестерін тыңдап, өнегелі әңгімелер арқылы адамгершілік, сыйластық, еңбекқорлық сияқты асыл
Oтбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік
13
ноябрь
2025
Oтбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік
Ата-аналар жиналысы: отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік. Бүгін, 13 қараша 2025 жылы, Алматы қаласы Білім басқармасының жоспарына сәйкес 178 мамандандырылған лицейде 5–8-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті. Кездесу барысында «Қоғамдағы мінез-құлық ережелерін құрметтеуде отбасының рөлі» тақырыбы талқыланды. Жиналыстың негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту және мінез-құлық мәдениетін нығайту болды. Сынып жетекшілері мен ата-аналар бала
№178 мамандандырылған лицейі сіздерді ата-аналар жиналысына шақырады!
13
ноябрь
2025
№178 мамандандырылған лицейі сіздерді ата-аналар жиналысына шақырады!
Құрметті ата-аналар! №178 мамандандырылған лицейі сіздерді ата-аналар жиналысына шақырады!  Өтетін күндер: 5–8-сыныптар: 13 қараша 2025 ж. 9–11-сыныптар: 14 қараша 2025 ж.  Басталуы: 18:00  Өтетін орны: №178 мамандандырылған лицей Алматы қаласы Білім басқармасының кестесіне сәйкес, қала мектептерінде өтетін ата-аналар жиналыстары аясында ұйымдастырылған бұл іс-шарада сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды! Балаңыздың болашағына бірге үлес қосайық! 
Ата-аналарға арналған ашық есік күні
15
октябрь
2025
Ата-аналарға арналған ашық есік күні
Құрметті ата-аналар! Сіздерді 2025 жылдың 16 қазан күні өтетін "Ашық есік күніне" шақырамыз. І тоқсан бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) нәтижелерімен танысып, оқушылардың оқу жетістіктері жайлы толық ақпарат ала аласыз.  Қатысуыңыз – баланың білім жолындағы маңызды қолдау!
«Отбасы – ұрпаққа ұлағат, бірлік – жеңіске бастар жол!»
28
сентябрь
2025
«Отбасы – ұрпаққа ұлағат, бірлік – жеңіске бастар жол!»
28 қыркүйек күні №178 мамандандырылған лицейінде Отбасы күніне арналған ерекше шара – ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті. Бұл шара – тек спорттық жарыс емес, отбасы мен мектеп арасындағы алтын көпірді нығайтатын, ұйымшылдық пен тәрбиенің жарқын көрінісіне айналған күн болды. 
“Табиғатқа бір қадам — жүрекке мың әсер!”
28
сентябрь
2025
“Табиғатқа бір қадам — жүрекке мың әсер!”
№178 мамандандырылған лицейінің 7 «В» сынып оқушылары мен ата-аналары керемет күнді табиғат аясында өткізіп, таза ауада демалып, таудың тылсым тынысын бірге сезінді. Сынып жетекшісі — Слямғалиева Гүлнар Нәбиевнаның бастамасымен ұйымдастырылған бұл серуен жай ғана демалыс емес, жан дүниені жаңартатын, ата-ана мен бала арасын жақындататын, сыныпты бір отбасыдай біріктіретін тамаша тәжірибе болды. 
Адал азамат, ойы озық ұрпақ – білім мен тәрбиенің жемісі
15
сентябрь
2025
Адал азамат, ойы озық ұрпақ – білім мен тәрбиенің жемісі
2025 жылдың қыркүйек айында 178 мамандандырылған лицейінде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста лицей директоры жаңа оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі ерекшеліктерімен таныстырып, ата-аналармен кері байланыс орнатты. Лицейдің психолог мамандары мен инспекторы жасөспірімдер тәрбиесі, құқықбұзушылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігі туралы ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді. Шараға арнайы қонақ ретінде балалар жазушысы Саят Қамшыгер қатысып, ата-аналармен тәрбие мен ұлттық құндылықтар
"Мықты отбасы – мықты мемлекеттің тірегі" тақырыбында өтетін дебатқа шақыру
11
сентябрь
2025
"Мықты отбасы – мықты мемлекеттің тірегі" тақырыбында өтетін дебатқа
Құрметті оқушылар мен ұстаздар!8–12 қыркүйек аралығында Отбасы күніне орай "Мықты отбасы – мықты мемлекеттің тірегі" тақырыбында түрлі іс-шаралар өтеді. Аталмыш тақырыпта 12 қыркүйек күні сағат 8:00-де лицей кітапханасында пікірсайыс ұйымдастырылады.Баршаңызды белсене қатысуға шақырамыз!
"Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі"
11
сентябрь
2025
"Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі"
10 "Ә" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектептің ішкі тәртібі мен ережелері талқыланды. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарының барысы айтылды. Мектеп формасын сақтау мәдениеті мен маңызы түсіндірілді. “30 бала – 30 тұлға” қағидасы негізінде әр баланың жеке қабілеті мен ерекшелігіне назар аудару қажеттігі айтылып, “Ақ парақ” әдісі арқылы оқушылардың психологиялық көңіл-күйі мен мінез ерекшеліктерін ата-аналармен бірге талқылау жүргізілді. Сонымен қатар баламен жеке уақыт өткізу,