Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата -аналар мен оқушылар назарына!
03
сентябрь
2025
Ата -аналар мен оқушылар назарына!
ШАҚЫРУ! Құрметті лицей ұстаздары, ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылатын қалалық сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз! Мақсатымыз — туған қаламызды тазарту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру. Күні: 6 қыркүйек,2025 жылы Басталу уақыты: 9:00 Өтетін орны: 178 мамандандырылған лицей Келіңіз, бірге таза әрі көрікті Қазақстанды бірге көркейтейік!
Сынып сағаттары – жаңа оқу жылының жарқын бастауы!
02
сентябрь
2025
Сынып сағаттары – жаңа оқу жылының жарқын бастауы!
“Менің Отаным – Қазақстан” атты сынып сағатында оқушылар еліміз туралы қызықты деректермен танысып, топтық жұмыстар орындап, өз ойларын ортаға салды. Сыныптар мерекелік көңіл-күймен безендіріліп, балалардың мектепке деген ынтасын арттырды. Жаңа оқу жылы жарқын білім жолына бастама болсын!
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
30
август
2025
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді "Лицейім – мейірім мекені!" атты Білім күніне арналған салтанатты жиынға шақырамыз! Өтетін күні: 2025 жылғы 1 қыркүйек Басталуы: 09:00 Қатысушылар: 5, 7, 11-сынып оқушылары мен ата-аналары Ортақ қуанышты сәттерде жүздесейік!
Лицейіміздің кәсіби бағдар беру бойынша маманы сіздерді шақырады.
07
август
2025
Лицейіміздің кәсіби бағдар беру бойынша маманы сіздерді шақырады.
Лицейіміздің кәсіби бағдар беру бойынша маманы сіздерді шақырады. Құрметті 10-11-сыныптарға қадам басқан, лицей оқушылары және ата-аналары, сіздерді тамыз айының 12 жұлдызы күні лицейіміздің кәсіби бағдар беру бойынша маманы Тілеужан Әбілқайырдың ұйымдастыруымен өтетін "Дұрыс таңдау жаса!" атты ашық есік күніне шақырамыз. Өтетін орны: лицей кітапханасы ( 2-қабат) Күні және уақыты: 12 тамыз, 09.00-13.00 аралығында Байланыс нөмірі: +7 747-919-30-38 Келіңіздер! Біз сіздерді күтеміз! Құрметпен,
АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ!
06
август
2025
АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ!
Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүру фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді. Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың  27-29 шілде күндері аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейді шеңберінде 8 мыңға жуық әкімшілік құқық
Судағы қауіпсіздік ережелері!
30
июнь
2025
Судағы қауіпсіздік ережелері!
Судағы қауіпсіздік ережелері!Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтай біліңіз: 1.Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз. 2.Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз,тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті. 3.Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек! 4.Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге болмайды! Тыйым салынады: -Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға
Тау өзеніндегі қауіпсіздік ережелері
27
июнь
2025
Тау өзеніндегі қауіпсіздік ережелері
ТАУ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР: 1. Балаларды су жанында мүлдем қараусыз қалдырмаңыз, тіпті бір сәтке де. 2. Балаңызға түсіндіріңіз: тау өзені - ойын ойнайтын жер емес. Судың беті тыныш көрінгенімен, бұл оның қауіпсіз екендігін білдірмейді. 3. Тау өзендерінде шомылуға қатаң тыйым салынады! Тіпті таяз ағынның өзі қауіпті болуы мүмкін. 4. Баланың аяқ киімі сырғымайтын және толық жабық болуы тиіс. 5. Жаңбырдан кейін өзен жағасына жақындауға жол бермеңіз - жағалау опырылып
Қауіпсіздік ережелері
26
июнь
2025
Қауіпсіздік ережелері
ТЖД келесі ережелерді қатаң сақтау қажеттілігі туралы тағы да ескертеді: 1. Жүзу үшін тек жабдықталған жағажайларды таңдаңыз; 2. Су қоймаларында алкоголь ішпеңіз; 2. Судағы қауіпсіздіктің маңызды шарты қайықпен, қайықпен, катамаранмен, скутермен жүру ережелерін қатаң сақтау болып табылады; 4. Жүзуге шықпас бұрын құтқару кеудешелерін кию керек; 5. Қайықтардан, катамарандардан, қайықтардан секіріп, сүңгуге тыйым салынады; 6. Ересектердің қарауынсыз 16 жасқа дейінгі балаларға жүзу құралдарымен
Қуанышты жаңалық!
19
июнь
2025
Қуанышты жаңалық!
«Алтын асық» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде лицейіміздің дарынды оқушысы Үсембай Аднан ерекше нәтиже көрсетіп, Сингапурға жолдама жеңіп алды!
9-сынып оқушылары геометрия, физика пәндерінен қорытынды аттестаттау тапсырды.
05
июнь
2025
9-сынып оқушылары геометрия, физика пәндерінен қорытынды аттестаттау
2025 жылдың 05 маусымында негізгі орта білім беру курсы бойынша лицейдің 9-сынып оқушылары геометрия, физика пәндерінен қорытынды аттестаттау тапсырды. Аттестаттау жазбаша түрде өткізілді және оқушылардың теориялық білімін практикада қолдану, логикалық ойлау, формулаларды тиімді пайдалану, есеп шығару дағдылары бағаланды. Нәтижесінде оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы білімдерін дәлелдеп, пәндік құзыреттіліктерін көрсете білді.