Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қазақ тілі» пәні бойынша аралық емтихан өткізілуде
26
май
2026
«Қазақ тілі» пәні бойынша аралық емтихан өткізілуде
Лицейімізде негізгі орта білім беру деңгейіндегі 5–8-сынып және жалпы орта білім беру деңгейіндегі 10-сынып оқушылары арасында «Қазақ тілі» пәні бойынша емтихан оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін бағалау мақсатында өткізілуде. Емтихан білім алушылардың тілдік сауаттылығын, жазбаша жұмыс орындау дағдыларын және пән бойынша игерген білім деңгейін анықтауға бағытталған. Бақылау жұмыстары бекітілген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, жазбаша нысанда жүргізілуде. Аталған емтихан нәтижелері
Кемел келешекке қадам: №178 мамандандырылған лицейінде соңғы қоңырау сыңғырлады!
25
май
2026
Кемел келешекке қадам: №178 мамандандырылған лицейінде соңғы қоңырау
Кемел келешекке қадам: №178 мамандандырылған лицейінде соңғы қоңырау соғылды!  Бүгін мектебімізде 11-сынып түлектеріне арналған «Білімім — Отаныма!» атты салтанатты жиын  өтті. Білім ордасымен қимай қоштасқан жас түлектер үшін бұл күн — үлкен өмірге бастар ақ жолдың басы. Салтанатты іс-шараға арнайы қатысқан Алатау ауданының әкімі Қырықбаев Данияр Батанұлы түлектерімізді құттықтап, жылы лебізін білдірді. Әкім өз сөзінде жастардың ел болашағы екенін атап өтіп, олардың Отан игілігі үшін аянбай
“Daryn Stars” — үздіктерді ұлықтау кеші
22
май
2026
“Daryn Stars” — үздіктерді ұлықтау кеші
Лицейімізде дарынды оқушыларды ұлықтауға арналған дәстүрлі “Daryn Stars” шеруі жоғары деңгейде өтті! Шара барысында қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда лицей намысын абыроймен қорғап, биік жетістіктерге жеткен үздік оқушылар марапатталды. Білім мен ғылым жолында талмай еңбек етіп, өз қабілеттерін дәлелдеген жас дарындардың жетістігі — лицейіміздің мақтанышы. Әрбір жеңіс — табандылықтың, ізденістің және ұстаздар мен ата-аналардың қолдауының жемісі. Жеңімпаз
Лицейде мамандықтар жәрмеңкесі өтті
16
май
2026
Лицейде мамандықтар жәрмеңкесі өтті
Лицейде кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында жоғары оқу орындары мен колледж мамандарының қатысуымен мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шараға лицейдің 9–10 сынып оқушылары қатысып, болашақ мамандық таңдау бойынша құнды мәліметтер алды. Университет пен колледж өкілдері білім беру бағдарламалары, оқу ерекшеліктері, қабылдау талаптары мен мамандықтардың болашағы туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кәсіби
Сапалы білім – ортақ мақсат
13
май
2026
Сапалы білім – ортақ мақсат
Құрметті ата-аналар! Сіздерді №178 мамандандырылған лицейде өтетін АШЫҚ ЕСІК күніне шақырамыз! Ашық есік күні — білім беру үдерісін жақыннан көруге арналған ерекше мүмкіндік. Іс-шара барысында сіздер оқушылардың жетістіктерімен танысып, мұғалімдермен еркін сұхбат құра аласыздар. Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен сапалы білім берудегі ата-ана, оқушы және лицей арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы талқыланады. Әкімшілік
Білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау кезеңі
20
апрель
2026
Білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау кезеңі
2026 жылдың 20 сәуірінен бастап 5–11-сыныптар арасында директорлық бақылау жұмыстары математика, жаратылыстану және физика пәндері бойынша емтихан форматында алынуда. Аталған бақылау жұмыстары білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бағалау мақсатында жүргізіледі. Бұл шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, қорытынды бағалауға дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Наурыз айындағы ҰБТ қорытындысы бойынша үздіктер анықталды
08
апрель
2026
Наурыз айындағы ҰБТ қорытындысы бойынша үздіктер анықталды
Наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындылары шығарылып, лицей бойынша нәтижелерге жан-жақты талдау жүргізілді. Оқушылардың тапсырған тест қорытындысын саралай отырып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген білім алушыларды ерекше атап өтті. Атап айтқанда, 120 баллдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар лицейдің мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл — оқушылардың жүйелі дайындығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздардың сапалы білім беру еңбегінің айқын
Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау: білім нәтижесі сараланды
30
март
2026
Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау: білім нәтижесі сараланды
2026 жылғы 30 наурыз күні 11-сынып білім алушылары үшін Қазақстан тарихы пәні бойынша мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау өткізілді. Емтихан белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі, тарихи деректерді талдау және қорытынды жасау дағдылары жан-жақты бағаланды. Аттестаттау үдерісі әділ әрі ашық түрде өтіп, білім алушылар өз білімдерін жақсы деңгейде көрсете білді.
Жаңа тоқсанға сәтті қадам!
27
март
2026
Жаңа тоқсанға сәтті қадам!
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы №174 бұйрығына сәйкес, 2025–2026 оқу жылының IV тоқсаны 30 наурызда басталатынын назарларыңызға саламыз. Лицей әкімшілігі
Наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері — жоғары жетістіктер
26
март
2026
Наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері — жоғары жетістіктер
2026 жылғы Наурыз айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесінде Бектұрған Ерасыл – 129 балл, Калибаева Сабина – 127 балл, Бейсенов Ақниет – 121 балл, Нұрзатқызы Шуақ – 120 балл, Серікхан Мөлдір – 120 балл жинады. Бұл көрсеткіштер оқушыларымыздың тыңғылықты дайындығы мен қажырлы еңбегінің жемісті нәтижесін айқын көрсетеді. Барлық білім алушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы мамыр айында өтетін ҰБТ-да сәттілік пен бұдан да жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдіреміз!