Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
9-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттаудан өтті
02
июнь
2025
9-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттаудан өтті
2025 жылдың 02 маусымында негізгі орта білім беру курсы бойынша қазақ тілінен қорытынды аттестаттау өтті. Оқушылар эссе жазу арқылы тілдік құзыреттілігін, ойын жүйелі жеткізу, сауатты жазу, тақырыпты ашу және көркем тілдік құралдарды қолдану дағдыларын көрсетті. Аттестаттау нәтижесінде оқушы қазақ тілі пәні бойынша алған білімін тәжірибеде тиімді қолдана алатынын дәлелдеді.
«Мектеп бітірушілерге арналған бағыт-бағдар: бірге қолдайық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
21
май
2025
«Мектеп бітірушілерге арналған бағыт-бағдар: бірге қолдайық»
«Мектеп бітірушілерге арналған бағыт-бағдар: бірге қолдайық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиын барысында түлектердің алдағы ҰБТ-ға дайындығы, кәсіби бағдар және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, оқу мотивациясын арттыру жолдары бойынша пікір алмасты. Кездесу өзара түсіністік пен бірлескен жауапкершілік негізінде өтті.
Аралық аттестаттаудың талап-ережелері (5,7,8,10-сынып)
15
май
2025
Аралық аттестаттаудың талап-ережелері (5,7,8,10-сынып)
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! 2024-2025 оқу жылындағы "Қазақ тілі" пәнінен 5,7,8,10-сынып оқушыларының аралық аттестаттаудың талап, ережелерімен таныс болыңыздар!
"Қазақ тілі" пәнінен аралық аттестаттау кестесі (5,7,8,10-сынып)
15
май
2025
"Қазақ тілі" пәнінен аралық аттестаттау кестесі (5,7,8,10-сынып)
Ата-аналар мен оқушылар назарына! 5,7,8,10-сынып оқушыларының "Қазақ тілі" пәнінен аралық аттестаттау кестесін ұсынамыз!
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні: Тарихты ұмытпау – бейбіт болашақ кепілі
02
май
2025
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні: Тарихты ұмытпау – бейбіт болашақ кепілі
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні: Тарихты ұмытпау – бейбіт болашақ кепілі Адамзат тарихында ұмытылмас күндер бар. Солардың бірі – 9 мамыр. Бұл күн – батырлық пен ерліктің, табандылық пен азаттықты аңсаған халықтың жеңісі ретінде әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алады. Ұлы Отан соғысы – тек майдандағы шайқастар емес, бүкіл елдің жанқиярлық еңбегі мен қажырлы күресінің көрінісі. Ал 9 мамыр – сол күрестің, сол ерліктің нәтижесі болған қасиетті Жеңіс күні. 1941–1945 жылдары Кеңес Одағы фашистік
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау
18
апрель
2025
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау
Қабылдау мерзімі 20 сәуірге дейін ұзартылды!Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025-2026 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына соның ішінде №178 мамандандырылған лицейге 5,7-сыныпқа құжаттарды тіркеу https://qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн форматта жүргізілуде.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
02
апрель
2025
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті 5-11 сынып ата-аналары "Отбасы-тәрбиенің басты ұясы" тақырыбында өтетін жалпы ата-аналар жиналысына шақырамыз!
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдау жалғасуда
17
март
2025
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдау
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025-2026 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады. Негіздеме: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы. Алматы қаласы Алатау
"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
14
март
2025
"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында дөңгелек үстел болып
№178 мамандандырылған лицейде 8-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Ұлттық құндылықтарға негізделген "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында Даналық мектебінің жоспарына сәйкес "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның мақсаты: Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, қарттарымыздың өнегелі өмірі мен асыл тәрбиесін үлгі ету.