Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-әженің ақыл-кеңесі — жас ұрпаққа бағдар
05
декабрь
2025

Ата-әженің ақыл-кеңесі — жас ұрпаққа бағдар

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Даналық мектебі” жобасы бойынша 9-сынып оқушылары арасында тағылымды тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — оқушылар мен үлкендер арасындағы рухани байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-әжелерден қалған даналық сөздер мен өмірлік тәжірибені жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар ата-әжелердің ақыл-кеңестерін тыңдап, өнегелі әңгімелер арқылы адамгершілік, сыйластық, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттердің маңызын терең түсінді. Ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық тәрбиенің құндылығы айқын көрініс тапты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: