11
сентябрь
2025
"Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі"
10 "Ә" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектептің ішкі тәртібі мен ережелері талқыланды. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарының барысы айтылды. Мектеп формасын сақтау мәдениеті мен маңызы түсіндірілді.
“30 бала – 30 тұлға” қағидасы негізінде әр баланың жеке қабілеті мен ерекшелігіне назар аудару қажеттігі айтылып, “Ақ парақ” әдісі арқылы оқушылардың психологиялық көңіл-күйі мен мінез ерекшеліктерін ата-аналармен бірге талқылау жүргізілді. Сонымен қатар баламен жеке уақыт өткізу, отбасыдағы тәрбие үлгісі жөнінде пікір алмасылды.
“Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі” қағидасы аясында ата-аналар мен мұғалімдер бірлесе отырып, балаларды адал, білімді, жауапкершілікті азамат етіп тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз екендігі атап өтілді.