28
сентябрь
2025
“Табиғатқа бір қадам — жүрекке мың әсер!”
№178 мамандандырылған лицейінің 7 «В» сынып оқушылары мен ата-аналары керемет күнді табиғат аясында өткізіп, таза ауада демалып, таудың тылсым тынысын бірге сезінді. Сынып жетекшісі — Слямғалиева Гүлнар Нәбиевнаның бастамасымен ұйымдастырылған бұл серуен жай ғана демалыс емес, жан дүниені жаңартатын, ата-ана мен бала арасын жақындататын, сыныпты бір отбасыдай біріктіретін тамаша тәжірибе болды.